Қазақстан (корпорация)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы
Түрі

Акционерлік қоғам

Құрылды

1957 жыл (Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемтелерадио ретінде)
1991 жыл (Мемлекеттік телерадиокомпания ретінде)

Орналасуы

 Қазақстан, Астана, Қонаев көшесі, 4 үй (Қазмедиа орталығы)

Басты адамдары

Ләззат Танысбай (Басқарма Төрайымы)[1]

Қызметкерлер саны

1600-ден астам

Басшы компания

Акциялары 100% ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиесілі

Еншілес компания

«Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС
«Қазақ радиолары» ЖШС

Сайты

rtrk.kz

 Басқа мағыналар үшін Қазақстан (айрық) деген бетті қараңыз.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы («Қазақстан» РТРК» АҚ) — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасын, «Qazsport», «Balapan», «Abai TV» телеарналарын, Qazaq radiosy, «Shalqar», «Astana», «Classic» радиоларын және аймақтық 14 телерадиокомпанияны біріктіретін Қазақстандағы ақпараттық саясатты жүзеге асыратын ұлттық телерадиокорпорация, елдегі ең ірі медиа құрылым.

Тарихы 1921 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған Республикалық бірінші телеарнадан басталады. 2012 жылы корпорация Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығына» көшті.[2] 2019 жылғы сәуірден бастап телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы — Ләззат Танысбай.

Телерадиокорпорация тарихы 1921 жылдан бастау алады, сол жылы Пошта мен телеграфтар Халық комиссариаты эфирге Қазақ радиосын шығарды. 1933 жылы радио Қазақ АКСР-і Радиофикация және радио хабарларын тарату комитетінің тікелей бағынысына өтеді, ал 1978 жылы Комитеттің атауы Қазақ КСР Телевидение және радио хабар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті (Қазақ КСР Мемтелерадио) болып өзгерді.

1958 жылдың 8 наурызынан бастап Мемтелерадио Орталық телевидениенің (ОТ) Бірінші программасын таратуды бастады, оның ішінде қазақ программалары үшін «өңірлік терезе» қалдырылды. Кейінірек Қазақ КСР Мемтелерадиосының хабарлары жеке программаға, «Қазақ телевидениесіне» кіріп, бүкіл Қазақ КСР аумағын қамтыды.

1991 жылы Қазақ КСР Мемтелерадиосының орнына Қазақ мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы, кейін 1992 жылғы 18 қыркүйекте «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.

1994 жылдан бастап «Қазақстан» мемлекеттік телеарнасы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына енді, ал «Алатау» телеарнасы «Қазақстан-2» телеарнасының ізбасары болды, оны 1995 жылы «Хабар» алмастырды.[3]

Басшылары

қайнарын өңдеу
Қазақстанның теледидары мен радиосы басшылары
ЖылдарЕсімФотоЛауазымы
11956-1957Қанапия МұстафинҚазақ КСР-і Мәдениет министрлігі Радиоақпарат бас басқармасының бастығы
1957-1959Қазақ КСР-і Министрлер кеңесінің жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі комитет төрағасы
21959-1962Құрманбек СағындықовҚазақ КСР-і Министрлер кеңесінің жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі комитет төрағасы
31962-1969Кенжеболат ШалабаевҚазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
41969-1975Кеңесбай ҮсебаевҚазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
51975-1978Хамит ХасеновҚазақ КСР-і Министрлер кеңесіндегі Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
1978-1983Қазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
61983-1986Камал СмайыловҚазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
71986-1990Ғаділбек ШалахметовҚазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
81990-1991Сағат Әшімбайұлы ӘшімбаевҚазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
91991-1992Ғаділбек ШалахметовҚазақ КСР-і Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
101992-1994Шерхан Мұртаза«Қазақстан» мемлекеттік телерадиохабарлар компаниясының төрағасы
111994-1995Ләйлә Бекетова«Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясының президенті
121995-1996Әшірбек Көпішев«Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының президенті
131996-2001Ерлан Сатыбалдиев«Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының президенті
142001-2002Есетжан Қосубаев«Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
152002Ғалым Доскен«Қазақстанның теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
2003-2004«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
2004-2006«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
162006-2007Нұртілеу Иманғалиев«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
172007-2008Дәурен Серікұлы«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
182008-2011Жанай Омаров«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
192011Дәурен Әбдіхамитов«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
202011-2016Нұржан Мұхамеджанова«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрайымы
212016-2017Кемелбек Ойшыбаев«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
222017-2019Ерлан Қарин«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
232019-Ләззат Танысбай«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрайымы

Акционерлік қоғамның жоғары басқару органы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Жалғыз акционер.

Акционердің мүдделерін қамтамасыз етуді бақылау және құқықтарын сақтауды жүзеге асыратын Қоғамның стратегиялық басқару органы — Директорлар кеңесі.

Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық етуші атқарушы орган — Басқарма.

Директорлар кеңесіне Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша тәуелсіз ақпаратты Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Ішкі аудит қызметі ұсынады.[4]

Басқарма Төрайымы: Ләззат Танысбай[1]
Басқарма Төрайымының орынбасары: Шынар ИхсанғалиеваБасқарма Төрайымының орынбасары: Азамат КеңесұлыБасқарма Төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары: Дана АбибуллақызыБасқарушы директор: Айдын Дүйсенбайқызы
"Qazaqstan" ұлттық телеарнасы"Qazsport" телеарнасыҚаржылық қамтамасыз ету департаментіАнонс бөлімі
"Balapan" телеарнасы"Abai TV" телеарнасыТехникалық қамтамасыз ету департаментіДиджитал департамент
Алматы қаласындағы филиал"Алтын қор" телерадиоқор департаментіКоммерциялық қызмет департаментіМаркетинг және медиа аналитика бөлімі[5]
Дубляж бөліміӨндірістік орталықАқпараттық қауіпсіздік департаменті
Телехикаялар өндірісі бөліміАймақтық филиалдармен жұмыс бөліміПерсоналды басқару департаменті
Дистрибуция және сатып алу бөліміОблыстық филиалдар (14 филиал)Құқықтық қамтамасыз ету департаменті
Еншілес ЖШС: "Қазақ радиолары" ЖШС, "Телевизия жаңалықтары агенттігі" ЖШСҚұжаттамалық қамтамасыз ету департаменті
Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті

Республикалық телеарналар мен радиостанциялар

қайнарын өңдеу
Қазақстанның теле- және радиоарналары
Арна атауыЛоготипҚұрылдыСипаттамаДиректорМаңызды бағдарламалар
1Qazaqstan1958Қазақстанның бірінші ұлттық телеарнасы.

Таралуы: бүкіл Қазақстан. Тілі: қазақша

Болат МүрсәлімТаңшолпан, Апта, Ашық алаң, Ақорда
2Qazsport2013Қазақстанның бірінші спорттық телеарнасы.

Таралуы: OTAU TV, кабелдік желі. Тілі: қазақша, орысша

Нағи БақытбековСПОРТты ТАҢда, Sport Review
3Balapan2010Қазақстанның бірінші балалар телеарнасы.

Таралуы: OTAU TV, кабелдік желі. Тілі: қазақша

Balapan live, Кім тапқыр, Кішкентай дәрігер
4Abai TV2020Мәдениет және өнер телеарнасы.

Таралуы: OTAU TV, кабелдік желі. Тілі: қазақша, орысша

Еркін МұхамеджановСарасөз, Киелі сахна, Шаңырақ, Сана
5Qazaq radiosy1921Қазақстанның тұңғыш радиосы.

Жиілігі: 106,8 FM. Тілі: қазақша, орысша

Нұртас КөшеровТаңғы көңілашар, Мінбер, Бір толқында
6Shalqar1966Қазақ халқының руханиятын насихаттайтын радио.

Жиілігі: 100,4 FM. Тілі: қазақша

Шалқар таңы, Әлқисса, Күй-шежіре
7Astana1999Ақпараттық-музыкалық радиостанция.

Жиілігі: 101,4 FM. Тілі: қазақша, орысша

Құттықтау сағаты, В ритме столицы, "Сәлем, Астана"
8Classic2011Классикалық музыканың радиостанциясы.

Жиілігі: 102,7 FM. Тілі: қазақша, орысша

Классикалық таң, ДжазТайм, Музыкалық палитра

Аймақтық филиалдары

қайнарын өңдеу
Қазақстанның облыстық телерадиокомпаниялары
Филиал атауыНегізгі телеарнасыБасқа арналарТарихи мәліметтерФилиал директоры
1Абай облыстық филиалы1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты.Хасен Молдабаев
2Ақмола облыстық филиалы1999 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға ауысқаннан кейін құрылды.Берік Әбділманов
3Ақтөбе облыстық филиалыАқтөбе филиалы 1960 жылы 28 қазаннан бастап өз хабарларын тарата бастады.Ғани Жәпішов
4Атырау облыстық филиалыАтырау радиосыАтырау телестудиясы Гурьев қаласының 350 жылдығын тойлау кезінде 1990 жылы 1 қыркүйек күні тұсауын ресми түрде кесті.Талғат Өтеғұлов
5Батыс Қазақстан облыстық филиалыБатыс Қазақстан облыстық телестудиясы өзінің тұңғыш хабарын 1964 жылы 26 қыркүйекте эфирге шығарды.Клара Қамбетова
6Жамбыл облыстық филиалыЖамбыл радиосы1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады.Гүлбаршын Құланбаева
7Қарағанды облыстық филиалы1958 жылдың 31 тамыз күні Қарағанды телестудиясы Шахтерлер күніне арналған кинобағдарлама арқылы алғаш рет эфирге шықты.Берік Дүйсетаев
8Қостанай облыстық филиалыҚостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады.Ербол Ипбергенов
9Қызылорда облыстық филиалыҚызылорда облыстық телеарнасы 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды.Нұрбек Әмиша
10Маңғыстау облыстық филиалыМаңғыстау радиосы
«JAŃAÓZEN» телеарнасы
1970 жылы 15 тамызда Шевченко телестудиясының алғашқы көрсетілімі болды.Әнуарбек Бимағамбет
11Павлодар облыстық филиалы1965 жылы 7 қарашада Павлодар телестудиясы тұңғыш рет бірінші бағдарламасын эфирге шығарды.Гүлнаш Әбішева
12Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы1958 жылы облыстық ұлттық депутаттар кеңесінің шешімімен Петропавлда телемұнараның құрылысы қолға алынды. 1960 жылы 1 наурызда өз жұмыстарын бастады.Ерлан Тоқшалық
13Шығыс Қазақстан облыстық филиалыӨскемен қаласында телевизиялық студия ресми түрде 1958 жылы наурыздың 16-ншы жұлдызында ашылды.Берік Көшербаев
14Шымкент қалалық филиалыОңтүстік радиосыАлғашқы хабарын 1990 жылғы қараша айының 5-ші жұлдызында тікелей эфирге таратты.Саламат Омаш

Жабылған телеарналар

қайнарын өңдеу

«Алатау» телеарнасы

қайнарын өңдеу

Қытай елінің шекаралас аудандарына ұйғыр және қазақ тілінде хабар тарататын екінші республикалық «Алатау» арнасының трансляциясы 1984 жылы 1 шілдеден бастап АСК-2 аппаратты студиялық кешенінен шыға бастады.

1999 жылы телеарна жабылып, ұйғыр тіліндегі «Алитағ» бағдарламасы «Қазақстан-1» телеарнасынан шыға бастады. 2002 жылы «Алитағ» бағдарламасының атауы «Висал», кейінірек «Биз, Қазақстан уйғурлири» деп өзгертілді. 2009 жылы ұйғырша хабар тарату тоқтады.[6]

«Мәдениет» телеарнасы

қайнарын өңдеу
Толық мақаласы: Мәдениет (телеарна)
«Мәдениет» телеарнасының логотипі

«Мәдениет» телеарнасыҚазақстандағы мәдени-танымдық бағытта хабар таратқан алғашқы арна. Қазақстандық көрермендерге отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстырған бұл арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК» АҚ жанынан ашылды. 2014 жылы 1 қаңтардан бастап «Білім» телеарнасымен біріктіріліп, «Хабар» агенттігі жанында «Білім және мәдениет» телеарнасы ретінде хабар тарата бастады.[7]

«Tamasha TV» телеарнасы

қайнарын өңдеу

«Tamasha TV» телеарнасы Қазақстандағы ойын-сауықтық бағыттағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын. Әлемдік пандемия салдарынан телеарна 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатты.[8]

Дереккөздер

қайнарын өңдеу

Навигация мәзірі