Дала қыраны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
Дала қыраны

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Сұңқартәрізділер
(немесе Қаршығатәрізділер, q.v.)

Тұқымдасы:Қаршыға тұқымдасы
Тегі:Aquila
Түрі:A. nipalensis
Екі-есімді атауы
Aquila nipalensis
(Hodgson, 1833)
Light Green - nesting area, Blue - wintering area, Dark Green - resident all year
Light Green - nesting area, Blue - wintering area, Dark Green - resident all year
Синонимдері

Aquila rapax nipalensis

Дала қыраны, қыранқара(лат. Aquila nipalensis) – сұңқартәрізділер отрядының қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.


Дене тұрқы 60 – 85 см, қанатының ұзындығы 51 – 65 см, салмағы 2,7 – 4,8 кг. Шәулісі (еркегі) ұябасарынан кішірек түсі қара қоңыр, желкесі жирен, тұмсығы қара сұр, тұяғы қара, аяғы сары. Қыранқара ұясын жерге, шың-құзға, сирек те болса ағаш басына салады.[1] 1 – 3 ақ сұр, қара дақты жұмыртқа салып, 40 – 45 күнде балапан шығарады. Балапан баяу жетіледі (60 күнде), оны етпен қоректендіреді. Қыранқараның негізгі қорегі – кемірушілер, саршұнақ, қоян, кейде құс балапаны, бауырымен жорғалаушылар. Қазақстанның Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, Мұғалжарда, Шу-Іле тауында кездеседі. Қыранқара зиянды кемірушілерді жеп, өлекселерді жойып пайда келтіреді. Саятшылар Қыранқараны баптап, аңға салады. Қыранқара саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[2]

Саны қалпына түсіп келе жатқан түр. Евразияның, соның ішінде Қазақстанның далалық және шөлейтті аймақтарында кең тараған. Әсіресе Батыс Қазақстан мен құрғақ далалы тау бөктерлерінде көп болған. Жыртқыштармен күресу кампаниясынан кейін (50-60 жылдар) саны азайып кетті, екінші себеп - жоғарғы кернеулі электр таратү жүйелерінің сымдарында өлім-жітімге ұшырауы. Бұл қырандардың жердегі ұялары өте жеңіл бұзылады. Бүркіттерді және олардың ұяларын қорғауды насихаттау, сонымен қатар электр жүйесін жеткізетін тіректерді тиымды қорғаныш құрластармен жабдықтау қажет.[3]

Статусықайнарын өңдеу

5-ші санат. Салыстырмалы түрде саны көп, бірақ шамалы жылдар бұрын ол күрт төмендеген

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызықайнарын өңдеу

уыстың Қазақстан фаунасындағы төрт түрінің бірі.

Таралуықайнарын өңдеу

Евразияның далалы және солтүстік шөлді аймақтары –Дунай өзенінің төменгі сағасынан Забайкалье мен Сары теңіз жағалауларына дейін, оңтүстікте Орта және Орталық Азияның шөлдеріне дейін кездеседі. Қазақстанда ұялау кезінде кең тараған, тек биік тауларда болмайды. Азияның оңтүстігі, Аравия және Африкада қыстайды [4].

Мекендейтін жерлеріқайнарын өңдеу

Дала, шөлейт, сирек шөл (құмнан басқа) жерлер, бұлардың жер бедері жазық немесе сәл ойлы-қырлы болуы керек, сирек – аласа таулар не үлкен жоталардың бөктерлері [5]

Санықайнарын өңдеу

Республиканың батысында кәдімгідей, ал таралу аймағының басқа бөлімдерінде сирек. Мысалы, 1974-1983 жылдары Солтүстік Каспий өңірінде 2822 км автомаршрутта 389 қыран [6], Батыс Бетпақдалада 1983 ж. 1035 км-де – 63, Орталық Бетпақдалада 1984 ж. 1123 км-де – бар-жоғы 2 құс есепке алынған [7]. Қоректік жағдайы қолайлы болса тез шоғырлануға қабілетті [8].

Негізгі әсер ететін факторларқайнарын өңдеу

Жыртқыш құстарға бәрінен көп антропогендік әсерлер теріс ықпал жасайды – адамдар ұяларының 62-85%-н бұзады [9], құстардың 10%-ы ЭТЖ-ң сымдары мен бағаналарында өлім-жітімге ұшырайды [10]. Жас құстар көбіне жолда автокөлікке соғылады, бағаналарда отырған көптеген қырандарды атады.

Биологиялық ерекшеліктеріқайнарын өңдеу

Наурыз-сәуірде ұшып келеді, тамыз-қыркүйекте ұшып кетеді. Ұясын жерге, аласа бұталар мен жартастарға, маяға, сирек ағашқа және ЭТЖ-ң бағаналарына салады [11]. Сәуірдің бірінші жартысында 1-3 жұмыртқа туады, оларды ұябасары 45 күн шамасында шайқайды, балапандары қанатына 55 күнде отырады [9]. Қорегінің негізін әртүрлі саршұнақтар құрайды.

Қолда өсіруқайнарын өңдеу

Қазақстан хайуанаттар парктерінде 20-ға жуық құс ұсталады, бірақ көбеймейді.

Қабылданған қорғау шараларықайнарын өңдеу

Науырызым, Үстірт, Қаратау, Алакөл және Қорғалжын қорықтарында қорғалады.

Қажетті қорғау шараларықайнарын өңдеу

Тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік аңшылық инспекциясы жағынан дала қырандарының оңай алынатын ұяларын жаппай бұзуды қатал қадағалау. ЭТЖ-ң бағаналарын тиімді қорғау құралдарымен жабдықтау. Бетпақдалада қорық және бұл түрдің орналасуы өте жоғары болатын Батыс Қазақстанда қорықшалар ашу

Зерттеу жөніндегі ұсыныстарқайнарын өңдеу

Ұя салу дағдыларын өзгерту жайында эксперименттер жүргізу.

Galleryқайнарын өңдеу

Дереккөздерқайнарын өңдеу

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Aquila nipalensis

Навигация мәзірі