Азия

құрлық

Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) — Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды.

Азия
Азия құрлығы
Азия құрлығы
Территория44 579 000 км²
Халық саны4 164 252 000 адам
Тығыздығы87 адам/км²
Этнохоронимазиялық, азиат
Енеді49 (+5 жартылай мойындалған) мемлекет
Тәуелді аймақтар
Танылмаған аймақтар
ТілдеріАзия тілдері
Уақыт белдеулеріUTC+2 — UTC+12
Интернет үйшігі.asia
Ірі қалалары Токио, Джакарта, Сеул, Шанхай, Дели, Мумбаи, Манила, Бейжің, Осака, Калькутта, Карачи, Дакка, Куала-Лумпур
Азия Ортаққорда

Географиялық орналасуы

Азия картасы.

Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.

Түбектері:

  1. Таймыр түбегі
  2. Чукот түбегі
  3. Камчатка түбегі
  4. Корей түбегі
  5. Үндіқытай түбегі
  6. Декан түбегі
  7. Арабия
  8. Кіші Азия түбегі
  9. Үнді түбегі

Құрлықтың шеткі нүктелері:

  • солтүстігінде – Челюскин мүйісі
    • оңтүстігінде Пиай мүйісі
      • батысында Рока мүйісі
        • шығысында Дежнев мүйісі.

Жер бедері

Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест шыңының биіктігі 8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған.

Памир.
Гималай.

Ең биік таулар мен тау қыраттары:

  1. Памир
  2. Тянь-Шань
  3. Тибет тау қыраты
  4. Гималай
  5. Гиндукуш
  6. Қарақорым.

Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тянь-Шань тауынан Чукот түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды.
"'Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті."' Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар.

Ең ірі жазықтары:

Кен байлықтары

Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде (Кузнецк, Минусинск, Лена, Кан, Иркутск), Қазақстанда (Қарағанды), Қытайда, Үндістанда бар. Азияда мұнайдың дүниежүзілік қорының жартысынан астамы шоғырланған.

Негізгі мұнай-газ аудандары:

Темір кені мен түсті металдар Азияның таулы, қыратты аймақтарында кездеседі. Фосфориттің мол қоры Қаратауда )Қазақстан(, боксит кені Торғай даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны – Саха-Якутияда.

Климаты

1961-1990 жылдар аралығындағы кеңістіктің айлық орташа температурасы. Жыл-ай бойынша өзгерісті көрсетеді.

Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық.

Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50°С, кейде ең төмен температура –70°С-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа температурасы 25°С-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10°С, ал 55° – 60° солтүстік ендіктерде 20°С, тропиктік, экуаторлық белдеулерде 25 – 28оС-қа дейін жетеді.

Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600 – 1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады.

Ішкі сулары

Азия құрлығы өзенге бай . Сондықтан Азияны "өзен жағасындағы өркениеттер өлкесі"деп атайды.[1]Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б. тауларда мұздықтар таралған (жалпы ауданы 120 мың км²). Мұздықтар өзендердің толығуына аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60%-ы сыртқы, 40%-ы ішкі тұйық алапқа орналасқан.[2] Азияның басты өзендері - Янцзы, Сары өзен ( Хуанхэ), Обь, Амур, Лена, Меконг, Енисей, Үнді, Брахмапутра, Салуин, Вилжуж, Әмурдария, Ганг, Ефрат, Алдан, Сырдария, Тарим, Калыма, Айеарвади, Тигр, Сонгхуа және Ангара өзендері. Обь, Ертіс, Енисей, Ангара, Лена, Яна, Индигарка және Колыма өзендері Солтүстік мұзды Тынық Мұхитқа құятың өзендердің ішінде: Анады, Амур, Хуанхэ, Янцзы, Ексы, Миконг, Чао Прая жөне Қызыл өзен бар. Янцзы - Азиядағы ең ұзын және әлемдегі үшінші ұзын өзен.Евфрат - Орта Шығыстағы ең ұзын өзен. Ежелгі дүниенің атақты қаласы Бабыл (Вавилон) осы өзеннің бойында орналасқан болатын.Үнді түбегінің басты өзені - Ганг Солтүстік Үндістан жазықтықтары арқылы шығыстағы Бангладешке қарай ағады. Қазақстандағы ең ұзын өзен - Есіл өзені. Оның жалпы ұзындығы - 2450 шақырым, Қазақстан аумағына 1400 шақырымы кіреді.Муррей, Сноуи, Маррамбиджи - басты өзендерінің бірі. Өзге өзен жүйелеріне Батыс Австралиядағы Фитцрой, Орд, Свон; Тасманиядағы Деруент пен Тамар; Жаңа Оңтүстік Уельстегі Хаукесбери жатады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жиі жауатын болғандықтан, Жаңа Зеландияда өзен саны өте көп. Ең ұзын өзенінің ұзындығы 425 шақырым. Бұл аралда, сондай- қ, Хука сарқырамасы бар.[1]

Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері:

Экваторлық белдеудегі өзендердің суы жыл бойы мол болады. Шығыс және Оңтүстік Азия өзендері теңіздік жаңбырға байланысты бүкіл жаз бойы тасиды. Жерортатеңіздік Батыс Азия өзендерінің суы қыста молаяды. Ішкі тұйық алаптың биік тау басындағы қар мен мұздан бастау алатын өзендер жазда қатты тасиды. Құрлықтың ірі өзендері жол қатынасына және жер суаруға ежелгі заманнан бері пайдаланылып келеді. '
Азияда көл көп. Ең ірілері – Каспий мен Арал теңіздері.
Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстықкөл, Өлі теңіз, Хубсугул, Кукунор, Алтынкөл орналасқан.

Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхит жағалауындағы аралдарда, карст көлдері Загрос таулары мен Орталық Азия таулы қыраттарында, термокарст көлдері Сібірде көп. Шөлді белдемдегі көлдер әдетте тұзды болып келеді.
Азияның ең ірі өзендері:

  • Кура өзені,

Өсімдігі

Азияның көпшілік бөлігі Голарктикалық флоралық облысқа кіреді. Араб түбегінің оңтүстігі, Үндістан, Үндіқытай түбектері, Филиппин және Малай топаралы палеотропиктік облысқа жатады. Палеотропиктік флора мезозойдың соңғы кезеңінен бері бірқалыпты жылы климат жағдайында дамып келеді.
Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солтүстік мұзды мұхит жағалауында арктикалық, мүкті-қыналы тундра тараған. Солтүстік Азияда орман өте кең алқапты қамтиды, оның көп жерін тайга (батысында шырша, майқарағай, самырсын, шығысында балқарағай мен қарағай өседі) алып жатыр. Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңтүстікке қарай орманды дала белдемдері (Батыс Сібірдің оңтүстігі, Солтүстік Моңғолия, Байкал сырты, Солтүстік-шығыс Қытай) өтеді. Орта және Орталық Азияда шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады. Субтропиктік шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші Азия таулы қыраттарында, Месопотамияның солтүстік бөлігінде өседі. Месопотамияның оңтүстігі мен Араб түбегі тропиктік шөлге жатады. Субтропиктік белдеудің батыс жағына қарай, Кіші Азиядағы теңіз жағалауында негізінен маквис және мәңгі жасыл еменнен тұратын жерортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады (мәңгі жасыл ағаштар – магнолия, лавр, емен, камфора, тунг ағашы, кипарис, т.б.). Малакка түбегі мен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың орман (гилея) өседі. Оның тауларындағы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солтүстік Азияда тау тайгасы мен тау тундрасы, Орта және Орталық Азияда тау даласы мен шөлі, Оңтүстік Азияда тропиктік тау орманы басым.

Жануарлары

Азия пілі.
Азияның алтын мысығы.
Азияның алтын мысығы.

Азия негізінен Голарктика облысының Палеоарктика бөліміне жатады. Жануарлары ендік белдемдер мен биіктік белдеулер жиынын құрайды. Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде

  1. сүтқоректілерден: бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, борша тышқан, сасық күзен;
  2. құстардан: саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді.

Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда, Солтүстік-батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп.

Батыс жағын жерорта-теңіздік жануарлардан: қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайран, т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солтүстік-батыс Үндістанда арыстан сақталған.

Құрлықтың субэкваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары (піл, орангутан, гиббон, макака, лемур, тупайя, тапир, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабылан, т.б.) басым. Құстардың түрі көп. Жорғалаушылардан алып ешкіемер, қолтырауын, өте улы көзілдірікті жылан, питон (ұзындығы 8 – 10 м) көп тараған.

Азияның БҰҰ субаймақтары:      Солтүстік Азия      Орталық Азия      Оңтүстік-батыс Азия      Оңтүстік Азия      Шығыс Азия      Оңтүстік-шығыс Азия

Саяси бөлінуі

Азия саяси құрылымы бойынша:

Азия елдері

Жалауларымен бірге аймақтар мен территориялар атыАумағы
(km²)
Халық саны
(1 шілде 2002 est.)
Жұрт тығыздығы
(per km²)
Астаналары
Орталық Азия:
Қазақстан[3]2,724,90216,972,8935.7Астана
Қырғызстан198,5004,822,16624.3Бішкек
Тәжікстан143,1006,719,56747.0Душанбе
Түрікменстан488,1004,688,9639.6Ашхабад
Өзбекстан447,40025,563,44157.1Ташкент
Шығыс Азия:
Қытай[4]9,584,4921,384,303,705134.0Бейжің
Гонконг[5]1,0927,303,3346,688.0Виктория-Сити
Жапония377,835126,974,628336.1Токио
Макао[6]25461,83318,473.3
Моңғолия1,565,0002,694,4321.7Ұлан-Батыр
Солтүстік Корея120,54022,224,195184.4Пхеньян
Оңтүстік Корея98,48048,324,000490.7Сеул
Тайвань[7]35,98022,548,009626.7Тайпей
Солтүстік Африка:
Мысыр[8]980,86980,335,03621.7Каир
Солтүстік Азия:
Ресей[9]13,115,200139,129,7293.0Мәскеу
Оңтүстік-шығыс Азия:[10]
Бруней5,770350,89860.8Бандар Сери Бегауан
Камбоджа181,04012,775,32470.6Пномпен
Шығыс Тимор[11]15,007952,61863.5Дили
Индонезия[12]1,419,588227,026,560159.9Джакарта
Лаос236,8005,777,18024.4Vientiane
Малайзия329,75027,662,36568.7Куала-Лумпур
Мьянма (Бирма)678,50042,238,22462.3Naypyidaw[13]
Филиппиндер300,00084,525,639281.8Манила
Сингапур7044,483,9006,369.0Сингапур
Таиланд514,00062,354,402121.3Бангкок
Вьетнам331,69087,375,000246.1Ханой
Оңтүстік Азия:
Ауғанстан647,50027,755,77542.9Кабул
Бангладеш144,000133,376,684926.2Дака
Бутан47,000672,42514.3Тхимпху
Үндістан[14]3,167,5901,045,845,226318.2Нью Дели
Иран1,648,19570,472,84642Тегеран
Мальдив аралдары300320,1651,067.2Мале
Непал140,80025,873,917183.8Катманду
Пәкістан803,940147,663,429183.7Исламабад
Шри-Ланка65,61019,576,783298.4Коломбо
Оңтүстік-батыс Азия:
Армения[15]29,8003,330,099111.7Ереван
Әзірбайжан[16]46,8703,845,12782.0Баку
Бахрейн665656,397987.1Манама
Кипр[17]9,250775,92783.9Никосия
Газа3631,203,5913,315.7Газа
Грузия[18]20,4602,032,00499.3Тбилиси
Ирак437,07224,001,81654.9Бағдат
Израиль20,7706,029,529290.3Құддыс[19]
Иордан92,3005,307,47057.5Амман
Кувейт17,8202,111,561118.5Кувейт
Ливия10,4523,677,780353.6Бейрут
Оман212,4602,713,46212.8Маскат
Катар11,437793,34169.4Доһа
Сауд Арабиясы1,960,58223,513,33012.0Эр-Рияд
Сирия185,18017,155,81492.6Дамаск
Түркия[20]756,76867,308,92876.5Анкара
Біріккен Араб Әмірліктері82,8802,445,98929.5Абу-Даби
Батыс жағалауы[21]5,8602,303,660393.1
Йемен527,97018,701,25735.4Сана
Total43,810,5823,902,404,19389.07

Дереккөздер