Абай облысы

Қазақстанның шығыс жағындағы облыс

Абай облысы — 2022 жылы құрылған Қазақстанның шығысындағы облыс. Әкімшілік орталығы – Семей қаласы.

Қазақстан облысы
Абай облысы
Әкімшілігі
Облыс орталығы

Семей

Аудандар саны

10

Ауылдық округтер саны

134

Кенттік әкімдіктер саны

2

Қалалық әкімдіктер саны

4

Ауыл саны

327

Әкімі

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев[1]

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°00′ с. е. 80°00′ ш. б. / 49.000° с. е. 80.000° ш. б. / 49.000; 80.000 (G) (O) (Я) 80°00′ ш. б. / 49.000° с. е. 80.000° ш. б. / 49.000; 80.000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

8 маусым 2022 жыл

Жер аумағы

185,5 мың км² (6-шы орын)

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Экономикалық ауданы

Шығыс Қазақстан

Тұрғындары
Тұрғыны

610 189[2] адам (2023)(18 орын)

Тығыздығы

3,3 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (78,78%), орыстар (16,00%), татарлар (1,84%), немістер (1,39%), украиндар (0,53%), ұйғырлар (0,18%), басқа ұлт өкілдері (1,28%)[3]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

18

Басқалары
Әкімдіктің мекенжайы

Семей қаласы, Мұхамедханов көшесі, №8

Абай облысының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Абай облысы

Абай облысы оңтүстігінде Жетісу, солтүстік-батысында Павлодар, батысында Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.

Тарихы

19 ғасырда Абай өңірінде Орта жүздің Найман (бұра, тәуке, қаратай, қаракерей, матай, садыр, төртуыл, терістанбал, ақнайман, байжігіт, жұмық, қарауылжасақ, сыбан), Арғын (Бәсентиін, Қаракесек, Тобықты), Тарақты, Керей және Уақ рулары мекендеген.

Абай облысының ізашары Семей облысы 1939 жылы 14 қазанда құрылды. Құрамына Семей қаласы мен Абыралы, Ақсуат, Аягөз, Белағаш, Жаңасемей, Жаңа Шүлбі, Жарма, Көкпекті, Мақаншы, Үржар, Шұбартау, Шыңғыстау аудандары кірді.

1939 жылдың 16 қазанында Шар ауданы құрылды.

1940 жылы Шыңғыстау ауданы Абай ауданы болып өзгертілді.

1944 жылы Белағаш ауданы Бородулиха болып өзгертіліп, Жаңа Покров ауданы құрылды.

1955 жылы Абыралы, 1957 жылы Жаңасемей аудандары таратылды.

1959 жылы Бесқарағай ауданы Павлодар облысынан Семей облысына берілді.

1962 жылы Бородулиха ауданы таратылды.

1963 жылы бұрынғы әкімшілік аудандардың орнына Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар ауылдық аудандары құрылды. Солармен бірге Шар өнеркәсіптік ауданы құрылды. Аягөз облыстық бағыныстағы қалаға айналды.

1964 жылдың соңында Шар өнеркәсіптік ауданы таратылып, Ақсуат және Шұбартау аудандары құрылды.

1966 жылы Жаңасемей, 1969 жылы Мақаншы, 1970 жылы Жаңа Шүлбі, 1972 жылы Шар, 1980 жылы Таскескен, 1990 жылы Абыралы аудандары құрылды.

1996 жылы Жаңасемей және Таскескен аудандары таратылды.

1997 жылы 23 қаңтарда Жаңа Шүлбі ауданы таратылды.

1997 жылы 3 мамырда Семей облысы таратылып, аумағы түгелдей Шығыс Қазақстан облысына берілді[4].

2022 жылы 8 маусымда бұрынғы Семей облысының аумағында Абай облысы құрылды. Құрамына Шығыс Қазақстан облысынан Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары берілді. Сонымен бірге Тарбағатай ауданынан Ақсуат ауданы бөлініп, бөлек аудан болып қайта құрылды.

2024 жылы 1 қаңтарда жаңадан Жаңасемей, Мақаншы аудандары құрылды.

Әкімшілік-аумақтық құрылысы

Облыстың 2022 жылғы әкімшілік бөлінісі

Абай облысы 2 облыстық маңызы бар қала мен 10 ауданға бөлінген:

Халқының саны (2009, 2021)[5]
Облыс аудандары мен қалалары200920212021 2009-ға пайызбенЕрлер 2009Ерлер 20212021 2009-ға пайызбенӘйелдер 2009Әйелдер 20212021 2009-ға пайызбен
Абай ауданы152581424093,376007143947658709792,7
Ақсуат ауданы212761991693,6108221020994,310454970792,9
Аягөз ауданы745726695689,8369683367891,1376043327888,5
Бесқарағай ауданы222101829682,410873905683,311337924081,5
Бородулиха ауданы401673364783,8196011649584,2205661715283,4
Жаңасемей ауданы252282086882,7124561052484,5127721034481
Жарма ауданы447703746083,7223591895184,8224111850982,6
Көкпекті ауданы183751393275,89256711676,99119681674,8
Мақаншы ауданы321352746785,5160081385086,5161271361784,4
Үржар ауданы510394364385,5254462196186,3255932168284,7
Курчатов қаласы1012710411102,848175084105,553105327100,3
Семей қаласы299264303210101,3137702144221104,716156215898998,4
Жалпы62919358935893,730145228776432774130159492

Абай облысының құрылу барысында Шығыс Қазақстан облысы құрамындағы екі аудан шағындалып, облыстар құрамдарына бөлінді:

Әкімдері

  1. Нұрлан Телманұлы Ұранхаев (11.06.2022 бастап)

Дереккөздер