Қазақстан әкімшілік бірліктері

Қазақстан Республикасы 2023 жылы 1 қаңтар бойынша:

  • 20 бірінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала;
  • 222 екінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: облыстардағы 166 аудан, 38 облыстық маңызы бар қала, республикалық маңызы бар қалалардағы 18 аудан;
  • 2349 үшінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: аудандық маңызы бар қалалардың 48 әкімдігі, облыстық маңызы бар қалалардағы 4 аудан әкімдігі, 27 кенттік әкімдік, 2177 ауылдық округ әкімдігі, 93 ауыл әкімдігі.

Барлығы Қазақстанда 89 қала, 29 кент, 6295 ауыл бар.

Қазіргі әкімшілік бөлінісі

Бірінші деңгей

Қазақстан Республикасы 17 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді.

  • Астана қаласы — Қазақстанның елордасы.
  • Алматы қаласы — республикалық маңызы бар қала.
  • Шымкент қаласы — республикалық маңызы бар қала.
Батыс Қазақстан облысыОралАтырау облысыАтырауМаңғыстау облысыАқтауАқтөбе облысыАқтөбеҚызылорда облысыҚызылордаШымкентТүркістан облысыТүркістанЖамбыл облысыТаразАлматыАлматы облысыҚонаевЖетісу облысыТалдықорғанҚарағанды облысыҚарағандыҰлытау облысыЖезқазғанШығыс Қазақстан облысыӨскеменАбай облысыСемейПавлодар облысыПавлодарАстанаАқмола облысыКөкшетауСолтүстік Қазақстан облысыПетропавлҚостанай облысыҚостанай
Қазақстан аймақтары (интерактивті карта).
ТаңбасыҚала/ОблысОрталығыЖер аумағы, км²,
08.06.2022
Халық саны, адам,
01.10.2022[1]
Қоныстану тығыздығы,
адам/км²
ЖІӨ, млн теңге
2016 ж.
Республикалық маңызы бар қалалар
1 Астана қаласы797,331 340 7821681,64 865,3
2 Алматы қаласы6822 147 1133148,310 601,3
3 Шымкент қаласы1162,81 184 1131018,3
Облыстар
4 Абай облысыСемей185 500610 1833,3
5 Ақмола облысыКөкшетау146 219786 0125,41 344,3
6 Ақтөбе облысыАқтөбе300 629924 8453,12 071,1
7 Алматы облысыҚонаев105 2631 497 02514,22 190,0
8 Атырау облысыАтырау118 631689 6745,85 200,7
9 Батыс Қазақстан облысыОрал151 339686 6554,52 032,7
10 Жамбыл облысыТараз144 2641 215 4828,41 182,8
11 Жетісу облысыТалдықорған118 648698 9525,9
12 Қарағанды облысыҚарағанды239 0451 134 1464,73 712,1
13 Қостанай облысыҚостанай196 001832 4454,21 522,3
14 Қызылорда облысыҚызылорда226 019830 9013,71 308,3
15 Маңғыстау облысыАқтау165 642761 4014,62 463,4
16 Павлодар облысыПавлодар124 755754 8296,11 975,5
17 Солтүстік Қазақстан облысыПетропавл97 993534 9665,5918,2
18 Түркістан облысыТүркістан117 2492 110 502182 789,2
19 Ұлытау облысыЖезқазған188 936221 0141,2
20 Шығыс Қазақстан облысыӨскемен97 800730 8127,52 793,9
Барлығы2 724 90219 691 8587,246 971,2

Екінші деңгей

Әкімшілік бөліністің екінші деңгейінде 170 ауылдық аудан, 18 қалалық аудан және 38 облыстық маңыздағы қала бар.

Республикалық маңыздағы қалалардағы қалалық аудандар:

  1. Астанада — 5 аудан
  2. Алматыда — 8 аудан
  3. Шымкентте — 5 аудан

Облыстық маңызы бар қала статусына дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, халқының саны 50 мың адамнан жоғарыірі экономикалық және мәдени орталықтар ие.

Үшінші деңгей

Үшінші деңгейде 48 аудандық маңыздағы қала, 4 қалалық аудан (облыстық маңыздағы Қарағанды және Ақтөбе қалаларында екі-екіден), 27 кенттік әкімдік, 2177 ауылдық округ әкімдігі және 93 ауылдық әкімдік бар.

Облыстық маңыздағы қалаларда қалалық аудандар ондағы халық саны 400 мың адамнан асқанда құрылады.


Тарихы

Ресей империясы

XX ғасыр басында Қазақстан аумағында жеті облыс болған:

  1. Күнгей Каспий облысы
  2. Орал облысы
  3. Торғай облысы
  4. Ақмола облысы
  5. Семей облысы
  6. Жетісу облысы
  7. Сырдария облысы

Бөкей ордасы Астрахан губерниясының құрамында болды.

Кеңес заманы

Қазақ КСР-інің 1959 жылғы әкімшілік бөлінісі
  • 1920: Семей губерниясы құрылды
  • 1921: Төмендегідей губерниялар құрылды
    • Ақмола губерниясы - Петропавл қаласы
    • Ақтөбе губерниясы - Ақтөбе қаласы
    • Қостанай губерниясы - Қостанай қаласы
  • 1924: Жетісу, Сырдария губерниялары құрылды
  • 13 қыркүйек 1925: Қостанай губерниясы жойылып, орнына Қостанай уезі құрылды
  • 14 қыркүйек 1925: Қостанай уезі болыстарынан Қостанай округі құрылды
  • 17 қаңтар 1928: Қазақ АКСР-індегі барлық губерниялар жойылып, орнына 13 округ құрылды
  1. Адай округі - Ойыл ауылы
  2. Ақмола округі - Ақмола қаласы
  3. Ақтөбе округі - Ақтөбе қаласы
  4. Алматы округі - Алматы қаласы
  5. Гурьев округі - Гурьев қаласы
  6. Қарқаралы округі - Қарқаралы қаласы
  7. Қостанай округі - Қостанай қаласы
  8. Қызылорда округі - Қызылорда қаласы
  9. Орал округі - Орал қаласы
  10. Павлодар округі - Павлодар қаласы
  11. Қызылжар округі - Петропавл қаласы
  12. Семей округі - Семей қаласы
  13. Сырдария округі - Шымкент қаласы
  • 10 мамыр 1928: Қызылжар округінің атауы Петропавл округі болып өзгерді
  • 10 сәуір 1929: Адай округі жойылды
  • 17 желтоқсан 1930: Қазақ АКСР-інің барлық округтері жойылып, аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді
  • 10 наурыз 1932: Қазақ АКСР-інде округтердің орнына 6 облыс құрылды
  1. Ақтөбе облысы - Ақтөбе қаласы
  2. Алматы облысы - Алматы қаласы
  3. Батыс Қазақстан облысы - Орал қаласы
  4. Қарағанды облысы - Петропавл қаласы
  5. Оңтүстік Қазақстан облысы - Шымкент қаласы
  6. Шығыс Қазақстан облысы - Семей қаласы
  1. Тың өлкесі - Целиноград қаласы (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Целиноград)
  • 3 мамыр 1962: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары Орал және Шымкент болып өзгерді. Құрамына 6 облыс кіретін Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері құрылды:
  1. Батыс Қазақстан өлкесі - Ақтөбе қаласы (Ақтөбе, Гурьев, Орал)
  2. Оңтүстік Қазақстан өлкесі - Шымкент қаласы (Жамбыл, Қызылорда, Шымкент)
  • 1 желтоқсан 1964: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері жойылды
  • 19 қазан 1965: Тың өлкесі жойылды
  • 23 желтоқсан 1967: Талдықорған облысы қайта құрылды
  • 23 қараша 1970: Торғай облысы құрылды
  • 20 наурыз 1973: Маңғышлақ және Жезқазған облыстары құрылды
  • 2 маусым 1988: Маңғышлақ және Торғай облыстары жойылды
  • 17 тамыз 1990: Маңғыстау (бұрынғы Маңғышлақ) және Торғай облыстары қайта құрылды

Қазіргі заман

Қазақстанның 2001-2018 жылдардағы әкімшілік бөлінісі
Қазақстан облыстары шекараларының өзгеріс тарихы (1954-2016)
  1. Абай облысы - Семей қаласы
  2. Жетісу облысы - Талдықорған қаласы
  3. Ұлытау облысы - Жезқазған қаласы
  • 17 қыркүйек 2022: Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауы қайтарылды

Дереккөздер

Тағы қараңыз