Амазон ойпаты

Амазон ойпаты - Оңтүстік Америкадағы, сондай-ақ жер шарындағы ең үлкен ойпат.

Амазон өзенінің алабы.

Ауданы 5 млн кm². Андыдан Атлант мұхитына дейін Гвиана және Бразилия таулы үстірті аралығында, дүние жүзіндегі ең суы мол өзен - Амазонканың алабын алып жатыр. Негізінен палеозойдың теңіз шөгінділері және мезозой-кайнозойдың құрылықтағы шөгінділерімен толықтырылған Оңтүстік Америка платформасының синеклизасында орналасқан.

Климаты ыстық (айлық орта температурасы -24-28С) және ылғалды (жылдық орта жауын-шашын мөлшері 1500-3000мм). Амазон ойпаты Батыс Амазон және Шығыс Амазон ойпаты болып екіге бөлінеді.

Батыс Амазон ойпаты

Батыс Амазон ойпаты – өте кең (1600км дейін), тегіс жазық. Климаты экваториалдық, үнемі ылғалды. Өзендері баяу ағады. Пальма, гевея, какао ағаштары өседі. Батыс Амазон ойпатында жалпақ тұмсық маймылдар, құмырсқа жегіш; қос мекенділерден тапир, пекар; құс және бауырымен жорғалаушылар көп.

Шығыс Амазон ойпаты

Шығыс Амазон ойпатының (Риу-Негру мен Тапажос өзендері сағасынан шығысқа қарай) ені тар (350 км-ге дейін), шет жақтарында палеозойдың теңіз шөгінділері мен докембрийдің кристалды жыныстары ашылып жатады. Шығыс Амазон ойпатыны көп тілімделген. Климаты субэкваториалдық. Селдір орман өседі, қызыл топырақты жері ойдым саванналар. Шығыс Амазон ойпатында жануарлардан құмырсқа жегіш, бұғымазам, кеміргіштер көп. Амазон ойпатында халық сирек қоныстанған. Негізгі қатынас жолы – өзен. Марганец, темір кені, Мадейра маңында мұнай бар.


Галерея

Дереккөздер