Аннексия

Аннексия - (лат. annexio, лат. annexus деген сөзден шыққан — қосылған, қосылып алынған) — белгілі бір мемлекеттің басқа бір елдің немесе халықтың (этностың) аумағын немесе жерінің бөлігін басып алып, күшпен өз құрамына қосуы.[1]

Аннексия фашистік Германия мен Италияның, II дүниежүзілік соғыс қарсаңында және тұсында жүргізген милитаристік [[]]ның сыртқы саясатында қолданылды. Тарихта Аннексия классикалық мысалы ретінде гитлершілердің 1938 ж. "аншлюс", яғни, Австрияны Германияға күштеп қосқандығын атауға болады. Бүгінгі күні Аннексия мысалы - Израильдің ежелгі араб жерлерін күшпен басып алып, заңсыз ұстап отырғаны - көрнекі.

Сондай-ақ Аннексия - халықаралық қауымдастыққа ортақ кеңістікті (ашық теңіз, теңіз түбін, Антарктиданы және т.б.) басып алу. Аннексия қазіргі халықаралық құқықты өрескел бұзушылық болып есептеледі.[2]

Аннексия мысалдары

ХронологияАннексиялаушы елАннексияланған ел
1552Ресей патшалығыҚазан хандығы
1581 — 1607Ресей патшалығыСібір хандығы
1783Ресей империясыҚырым хандығы
1820 — 1821МысырСудан
1833ҰлыбританияФолкленд аралдары
1845АҚШТехас Республикасы
1848ФранцияАлжир
1861ИспанияДоминикан Республикасы
1879ЖапонияРюкю
1898АҚШГавай аралдары
1908Австро-ВенгрияБосния және Герцеговина
1910ЖапонияКорея
1914ҰлыбританияМысыр
1914ҰлыбританияКипр (арал)[3]
19181940 РумынияБессарабия
1938ГерманияАвстрия [4]
1961ҮндістанПортугалиялық Үндістан
1967ИзраильШығыс Иерусалим
1975ҮндістанСикким
19761999ИндонезияШығыс Тимор
1975Марокко және МавританияИспан Сахарасы[5]
1981ИзраильГолан шыңдары
19901991ИракКувейт
2014Ресей ФедерациясыҚырым мен Севастополь[6]

Дереккөздер