Аполлон (ежелгі Грекия)
Аполлон (көне грекше: Ἀπόλλων) — ежелгі грек[1], рим мифологиясы мен дініндегі ем, сәуегейлік, данышпандық, өнер, күн тәңірі; Зевс пен Летоның (Латондар) баласы, Артемиданың (Ай) інісі (егіздің сыңары). Кейде оның атын Феб (көне грекше: Φοῖβος - "нұрлы"), кейде Мусагет (Μουσηγέτης- музаның серігі) деп атаған.
Өмірбаяны
Зевс пен Летоның баласы, Артемиданың егіз-сыңары, Титандардың - Кей мен Фибаның немересі, Аполлон Делос аралында айдың жетінші күні туған[2]. Миф бойынша, Аполлон туғанда бүкіл аралға күн нұры төгіліп жаулап кеткен.
Жеті айлық болып жетілмей туған[3][4] Аполлонды анасы сүтпен емізбеген, Фемида оны шәрбәт пен амброзиямен асыраған [5]. Гефест оған сыйлыққа садақ оғын берген[6].
Пифонның өгіздерін бағып жүріп [7], тез өсіп-есейген Аполлон (туғаннан кейін 4-ші күні[6]) Дельфиний жыланын өлтіреді. Ол жылан бүкіл Дельфыны бүлдіріп, ойран қылатын жылан екен мыш. Осы, тағы басқа жақсы істері үшін Дельфының тұрғындары Аполлонның данқын шығарып, құрметтейді.
4 жасында Делос аралында Аполлон Артемида өлтірген кербұғылардың мүйіздерінен ғибдатхана салады[8].
Негізгі мифтер
- Аполлон өз садағымен Титий Алыпын өлтірген (Лето мен Зевске сөз тигізген үшін). Басқа да титандар мен алыптармен шайқасқа түскен.
- Алыптарды өлтірген үшін Зевс оны 1 жылға қарапайым адамның қарамағына жібереді[9] (басқа нұсқада - 8 жылға[10] ). Фессалия патшалығындағы Адметтің[11] мал падаларын Геракл мен бірге бағып жүріп патшаның әйелі Алкестаны өлімнен құтқарған.
- Посейдонмен бірге Троя қаласының қабырғаларын көтерген[12][13].
- Аполлон мен Артемиданың садақ оқтары қарияларды кенет өлімге ұшыратады, кейде себепсіз өлітреді. Троя соғысында Аполлон троялықтарға көмектеседі: оның садақ оқтары ахейлардың әскери лагерін 9 күндік обаға ұшыратады. Партоклдың өлтіруінде және Ахиллдың өлтіруіне париспен бірлесіп көзге көрінбей қатысады.
- Артемида екеуі Ниобаның балдарын өлтіреді. Музакалық сайыста Марсий сатирды жеңеді, осыған ашуланған Марсий Аполлоннан терісін сыдырып тастайды.
- Қиратып өлтіретін қасиеттерімен бірдей Аполлонның емшілік қабылеті де болған. Дәрігер, көмекші, қорғаушы, ол Пелопонесс соғысында обаны тоқтаттқан. Бірінші болып көзді емдеген[14]. Аполлонның емшілік күшін күннің күшімен салыстырған.
- Паннан көріпкелдікті үйренген Аполлон Кассандраға өзінің батасын беріп, оны да сәуегейлікке бағыттаған.
- Аполлон - әулие, бақсы. Кіші Азия мен Италияның көптеген киелі жерлерінің негізін салушы болған.
- Аполлон - музыкантта болған. Өзінің кифарасын ол Герместен бір табын сиырларына ауыстырып алған. Әншілер мен музыканттардың қамқоршысы, Аполлон өзіне ешкімді теңемей, жарысқысы келген адамды қатты жазалаған. Бүкіл әншілер Аполлон мен Музадан тараған[15].
- Көктемде және жазда Дельфыда тұрған Аполлон, күзде аппақ аққуларды жегіп, колесницамен Гипербореяға анасының туған жеріне кетеді.
Олимпиадада Аполлон жүгіруден Герместі жеңіп, жүдырықтасып төбелесуде Павсанийді жеңген.
- Аполлон Пелая мен Фетиданың тойында өлең айтқан.
- Аполлонға табыну салты, шамасы, Кіші Азиядан Грекияға, одан Римге тараған болу керек.