Арабша Уикипедия
Арабша Уикипедия (араб.: الويكيبيديا العربية Арабша Уикипедия немесе араб.: ويكيبيديا الموسوعة الحرّة Уикипедия — ашық энциклопедия) — Уикипедияның араб тіліндегі бөлімі. Араб Уикипедиясы латын әліппесін қолданбайтын бөлімдерінің ең үлкендерінің бірі.
Арабша Уикипедия الويكيبيديا العربية | |
URL | |
---|---|
Коммерциялық | Жоқ |
Сайттың түрі | Желілік энциклопедия |
Тіркелу | Міндетті емес |
Тілі | ar |
Иемденуші | |
Ашылған уақыты | шілде 2003 |
Мақалалар саны | 1 230 989 |
Беттер саны | 8 400 128 |
Өңдеулер саны | 66 570 883 |
Тіркелген қатысушылар саны | 2 568 515 |
Белсенді қатысушылар саны | 3732 |
Администраторлар саны | 23 |
Тереңдігі | 268.8 |
Мақала саны бойынша орны | 17 |
2012 жылдың желтоқсан айының басында Арабша Уикипедия тілдік бөлімдердің арасында 24-ші орында, ал тереңдігі бойынша 100 000 мақаладан асқан бөлімдердің арасында екінші орында тұрды. Бұл көрсеткішпен Арабша Уикипедия тек ағылшынша Уикипедия мен иврит тіліндегі Уикипедиядан төмен тұрды[1].
Alexa.com-ның статистикасы бойынша Арабша Уикипедия сайттың қонақтары саны бойынша Уикипедия бөлімдерінің арасында 11-ші орынды алып, қытайша және полякша Уикипедиядан кейінгі сатыға жайғасты (wikipedia.org сайтына кірушілердің 0,74%[2]).
Араб уикипедиясының түрі басқа Уикпедиялардан өзгешеленеді, себебі араб тілінде жазу оңнан солға болғасын, ол «кәдімгі» қалыптың қарама-қарсы түрі боп келеді. Сонымен қатар Арабша Уикипедияда фон суреті ретінде кітап емес, арабеска қолданылады (суреті).
2008 жылдың 2 сәуірінде Уикипедияда араб тілінің диалекті — мысыр-араб тілінде Мысыр-арабша Уикипедия пайда болды.