Араб жазуы

Араб жазуы (араб.: أَبْجَدِيَّة عَرَبِيَّة; əбджәдийə 'арабия) — ежелгі Вавилониядағы (б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер бір-біріне қосылып жазылады.

Араб жазуы
Түрі:

консонантты

Тілдері:

арабша, парсыша, күрдше, ұйғырша, урду

Шекара:

Арабия түбегі, Таяу Шығыс, Орталық Азия, Солтүстік Африка

Кезең:

V ғасырдан бастап

Статусы:

қолданылыста

Жазу бағыты:

солдан оңға

Белгілері:

28

Шығу тегі:

Ханааней жазуы

Финикийлік
Арамейлік
Сириялық
Арабша
Юникод диапазоны:

U+0600 — U+06FF
U+0750 — U+077F
U+FB50 — U+FDFF
U+FE70 — U+FEFF

ISO 15924:

Arab (#160)

Жазу үлгісі
Араб тілі деген сөздің арабша жазылуы. (әл- 'арабиа)

Араб жазуында 28 әріп бар. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыссыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін.

Құснихат үлгілерінде Араб жазуының сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т.б. түрлері пайдаланылады.

Араб жазуы қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Кавказ елдері және Орта Азия, т. б.) қолданылады.[1]

Араб жазуының тарихы

Араб тілінің жазылу тарихына келер болсақ, жаһилиет дәуірінде арабтарда жазу дамыған жоқ. Арабтар өз араларында тек келісімшарттар жасаған уақытта ғана жазатын еді. Сонымен бірге басшылар арасындағы хаттар. Бәдәуи арабтар хат жазуды намыс санап тек жаттап алатын.

Келісімшарттар мен хаттардан басқа жәһилиет дәуірінің шайырлары өз шығармаларын қағазға түсіретін.

Йемен халқы б.з.д. 1000 жыл бұрын жазу қолданған. Діни қағидалар мен заңдарын тастарға қашап жазған. Бірақ жазуды күнделікті өмірде қолданғаны туралы нақты мәлімет жоқ[2].

Қазақстанда Араб жазуы ислам діні арқылы 7-9 ғ-лар аралығында таралған. Әл–Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, С. Бақырғани т. б. ғұламалар Араб жазуын өздері туып-өскен орталарында үйренгені, сол дәуірлерде арабша оқытатын медреселер болғанын көрсетеді. Араб жазуы алғашқыда “қадым”, кейін “төте” жазу үлгілері түрінде Қазақстанда 1928 ж-ға дейін пайдаланылып келді.[3]

Әріптер кестесі

Араб жазуы
ا    ب    ت    ث    ج    ح
خ    د    ذ    ر    ز    س
ش    ص    ض    ط    ظ    ع
غ    ف    ق    ك    ل
م    ن    هـ    و    ي
Тарихы · Транскрипция
Әлиф мақсура · Харакат · Һамза ء
Араб сандары · Нөмірлеу к · т · ө
  • Алты әріп (араб.: و ز ر ذ د ا‎) сөз басында жеке-дара жазылуы қажет.
Араб әдебиетінде қолданылатын әріптер
АтауыРоманизацияланғанХалықаралық фонетика әліппесіндегі
транскрипциясы
Контеккстік формасыЖеке жазылуы
Сөздің
Соңында
ОртасындаСөз басында
’алиф / ā/aː/ [a]ـاـااا
бā’b[b]ـبـبـبـب
тā’t[t]ـتـتـتـت
с̱а̄’th[θ]ـثـثـثـث
джӣмj (ǧ, g)[ʤ], [ɡ]ـجـجـجـج
х̣а̄’[ħ]ـحـحـحـح
х̮а̄’kh ()[x]ـخـخـخـخ
да̄льd[d]ـدـددد
з̱а̄льdh ()[ð]ـذـذذذ
ра̄’r[r]ـرـررر
за̄й (зайн) / zāyz[z]ـزـززز
сӣнs[s]ـسـسـسـس
шӣнsh (š)[ʃ]ـشـشـشـش
с̣а̄д[s]ˤـصـصـصـص
д̣а̄д[d]ˤـضـضـضـض
т̣а̄’[t]ˤـطـطـطـط
з̣а̄’[ð]ـظـظـظـظ
‘айн[ʕ]ـعـعـعـع
ғайнgh (ġ)[ɣ]
([ɡ])[c]
ـغـغـغـغ
фā’f[f]
([v])[b]
ـفـفـفـف [d]
қа̄фq[q]
([ɡ])[c]
ـقـقـقـق [d]
к̣а̄фk[k]
([ɡ])[c]
ـكـكـكـك
ля̄мl[l]ـلـلـلـل
мӣмm[m]ـمـمـمـم
нӯнn[n]ـنـنـنـن
һā’h[h]ـهـهـهـه
уāуw / ū / aw[w], /uː/, /aw/,
[u], [o], [oː]
ـوـووو
йā’y / ī / ay[j], /iː/, /aj/,
[i], [e], және [eː]
ـيـيـيـي [e]

Қосымша белгілер

сөз аяғындасөз ортасындасөз басындабөлек жазылуыатауытранслитерациясытранскрипциясы
هَمْزَة Һамза[ʔ]
تَاء مَرْبُوطَة та̄’ марбӯт̣а[h] / [t]
أَلِف مَقْصُورَة ’алиф мак̣с̣ӯраа̄[aː] / [a]
  1. Һамза
  2. Та марбута («сөз соңындағы та»)
  3. Алиф максура («қысқартылған алиф»)

Лигатуралар

Араб жазбасында лигатураларды кең таралған. ләм + ’әлиф лигатурасы жазылуы бір түрде жазылуы міндетті лигатураға жатады, оның екі түрі бар. Басқа лигатуралар (йā’ + мӣм, etc.) ерікті түрде жазылады.

Контеккстік формаларыАтауы
АяғыОртасындаБасыЖеке
ләм + ’әлиф

Абджәд - Дауыссыз әріптерді белгілеу жүйесі

28 әріптің, әліф-тен басқасы дауыссыз болып табылады. Әріптердің оқылуы әріптің сөздің ішінде орналасуына байланысты өзгеріп тұрады.

Алиф — араб алфавитіндегі жалғыз дауысты дыбысты әріп.

Юникодтағы белгіленуі

  0123456789ABCDEF
0600 ؀؁؂؃؋،؍؎؏
0610 ؐؑؒؓؔؕ؛؞؟
0620 ءآأؤإئابةتثجحخد
0630 ذرزسشصضطظعغ
0640 ـفقكلمنهوىيًٌٍَُ
0650 ِّْٕٖٜٓٔٗ٘ٙٚٛٝٞ
0660 ٠١٢٣٤٥٦٧٨٩٪٫٬٭ٮٯ
0670 ٰٱٲٳٴٵٶٷٸٹٺٻټٽپٿ
0680 ڀځڂڃڄڅچڇڈډڊڋڌڍڎڏ
0690 ڐڑڒړڔڕږڗژڙښڛڜڝڞڟ
06A0 ڠڡڢڣڤڥڦڧڨکڪګڬڭڮگ
06B0 ڰڱڲڳڴڵڶڷڸڹںڻڼڽھڿ
06C0 ۀہۂۃۄۅۆۇۈۉۊۋیۍێۏ
06D0 ېۑےۓ۔ەۖۗۘۙۚۛۜ۝۞۟
06E0 ۣ۠ۡۢۤۥۦۧۨ۩۪ۭ۫۬ۮۯ
06F0 ۰۱۲۳۴۵۶۷۸۹ۺۻۼ۽۾ۿ

Транслитерациясы

Кестеде араб жазуының кириллица мен латиницаның стандартты жүйелерімен сәйкестік және интернетте кең таралған латиницаға транслитерациясы көрсетілген.

дауыссыздардауыстылар
ءبتثجحخدذرزسشصضطظعغفقكلمنهويةاويىараб әріптері
бтс̱джх̣х̮дз̱рзсшс̣д̣т̣з̣гфк̣клмнхвй-а̄ӯӣāкириллизациясы
ʾbtǧdrzsšʿġfqklmnhwyāūīстанд.латинизациясы
'thj/g7khdhsh96dh`gh8/9ahooeeaинтернеттегі
25ch496'/833'gehaaou/uuiiy

Араб жазуының латиницаға транслитерация жүйесі ISO 233 халықаралық стандартта белгіленген. .

Клавиатура

Windows
Macintosh

1987 жылдан бастап компьютер клавиатурасында араб әріптердің стандартты орналасуы ASMO-663 қабылданған[4]. Бірақ осы күнге дейін әртүрлі компьютер жүйелерінде әріптердің стандарталмаған орналасуы қолданылады. Қазіргі таңда ең кең таралған орналасуы - IBM OS/2 және Microsoft Windowsтағы стандарттар. Бұларға MSX компьютерлердегі және MS-DOSтың араб нұсқасындағы, Linuxта негізделген компьютерлердің клавиатурасы сәйкес келмейді.

Дереккөздер