Арсенал (футбол клубы, Лондон)

«Арсенал» (ағылш. Arsenal Football Club) — кәсіби ағылшын футбол клубы, базасы солтүстік Лондонда орналасқан. Англияның мықты командаларының бірі болып саналады. 13 рет чемпион болып, 14 рет Англия Кубогын жеңіп алған. Клубтың үй стадионы - «Эмирейтс», сыйымдылығы 60 704 көрермен. 1992 жылы Ағылшын Премьер-Лигасының негізін қалаушы клубтардың бірі. Сонымен қатар, клуб Англияның жоғарғы дивизионында маусымдық ойындардың есебі бойынша рекордшы (1919 дан).

Англия Арсенал
Толық атауы

Arsenal Football Club

Лақап аттары

The Gunners (Зеңбірекшілер)

Құрылған жылы

1886

Стадионы

Эмирейтс, Лондон

Сыйымдылығы

60,361[1]

Иесі

АҚШ Стэн Кронке (97,13 %)

еркін айналымда (2,87%)[2]

Бас жаттықтырушы

Испания Микель Артета

Капитаны

Норвегия Мартин Эдегор

Рейтингі

УЕФА рейтингінде 23 орын[3]

Сайты

www.arsenal.com

Жарыс

Премьер-лига

2022/23

2

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік
2022/2023
Трофейлер жиынтығы
Ағылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасыАғылшын Премьер-лигасы

Футболдан Англия кубогіФутболдан Англия кубогіФутболдан Англия кубогіФутболдан Англия кубогіФутболдан Англия кубогіФутболдан Англия кубогіФутболдан Англия кубогіФутболдан Англия кубогіФутболдан Англия кубогіФутболдан Англия кубогі
УЕФА кубогтарының кубогі

2021 жылға арналған Forbes мәліметі бойынша, Арсенал әлемдегі ең қымбат футбол клубы болып табылады және 2,8 миллиард долларға бағаланады. Deloitte аудиторлық компаниясының мәліметі бойынша, 2021 жылдың қаңтарында «Арсенал» 388 миллион еуро табыспен ең табысты футбол клубтары рейтингінде 11-ші орынға ие болды.

Тарихы

«Арсенал» капитаны Патрик Виейра ағылшын премьер-лигасының кубогын көтеріп жатыр 2003-04 жж.

«Арсенал» клубын 1886 жылы Лондонның оңтүстік-шығысына жайғасқан «Ройаль Арсенал» артилерия зауытының жұмысшылары құрған екен. Не үшін «зеңбірекшілер» атанатынын осыдан бағамдай беруге болады. Ә дегенде клуб «Дайал Скуэр» деп аталды. Алғашқы матчын сол жылы 11 желтоқсанда «Истерн Уондерерске» қарсы өткізіп, 6:0 есебімен ойсыратқан. Арада екі апта өткен соң клубтың атауы «Ройал Арсенал» боп өзгерді. 1891 жылы «Вулидж Арсенал» боп тағы да өзгертілді.

Ресми жарыстарға 1893 жылдан қатыса бастады да, 1904 жылы «Арсенал» екінші дивизионға жолдама алды. 1913 жылы Солтүстік Лондонға қоныс аударып, «Хайбери» стадионына (2006 жылға дейін өз үйіндегі ойындарын өткізген кәдімгі «Хайбери») орналасты. 1914 жылы «Вулидж» атауы алынып тасталды да, «Арсенал» ретінде айтыла бастады. 1919 жылы екінші дивизионды 5-орында аяқтады. Бірақ сол дивизиондағы командалар саны 20-дан 22-ге көбейтілді де, көбірек дауыс жинау арқылы «Арсенал» бірінші дивизионға жолдама алды. «Зеңбірекшілер» содан бері бірінші дивизионда жыл құрғатпай, тұрақты өнер көрсетіп келеді, яғни, ешқашан төменгі лигаға түскен емес.

1925 жылы менеджер Герберт Чепменнің дәуірі бастау алды. Клуб бірте-бірте Англиядағы күшті ұжымға айнала бастады. Чепмен келген алғашқы маусымда-ақ дивизионда екінші орынға тұрақтады. Отызыншы жылдарда «зеңбірекшілер» тіптен күшейді. 1934 жылы Чемпен қайтыс болғанға дейін үш дүркін Англия чемпионы атанып үлгерді.

Чепменнен соң команда тізгінін Джордж Элисон ұстады. Ол да екі рет клубты чемпион атандырды. Элисоннан кейін команда 1947, 1953 жылдары биікке көтерілді де, 20 жылдық ұйқыға бас қойды. Тек, 1971 жылы алтынмен марапатталды. Жетпісінші жылдардың соңында бірнеше рет Англия кубогын ұтып алғанымен, басқа айтарлықтай табыстарға жете алмады.

1989 жылы 18 жылдық үзілістен соң команда қайтадан алтыннан алқа тақты. Бұл табысын 1991 жылы қайталады.

1996 жылы күтпеген жерде бапкерлікке оншалықты танымал емес маман – Арсен Венгер шақырылды. Ол кезде француз жаттықтырушысын клуб тарихындағы ең табысты бапкер атанады деп ешкім болжамады. Ол өзі басқарған екінші маусымда-ақ «дубльге» қол жеткізе алды. Командаға Робер Пирес, Сильван Вильтор, Тьерри Анри секілді футболшылар келді де, жаңа ғасырдың басында клуб күшейе түсті. Бұл қарыштау өзінің шарықтау шегіне 2003-04 маусымда жетті. Команда премьер-лигада бір рет те жеңілмеді. Чемпионаттың қызықты өткені соншалық, маусым барысында «Челси» мен «Арсенал» көрсеткіштерінің бірдейлігінен турнир кестесіне алфавит ретімен де жайғасқан кездер болды. 2004-05 маусымда «Арсеналдың» премьер-лигадағы жеңіліссіз матчтар саны 49-ға жетті. Осы маусымда «зеңбірекшілер» чемпион атана алған жоқ, бірақ Англия кубогын ұтты. Осы кубоктан соң 2014 жылға дейін команда ештеңені ұтып ала алмады.

2006 жылы команда Чемпиондар Лигасының финалына шықты. Парижде өткен жаңбырлы матчта «Барселонадан» ұтылып қалды. Осы ЧЛ маусымында «Арсенал» өз қақпаларынан 994 минут бойы доп өткізбеген.

2006 жылы команда жаңа стадионға – «Эмирейтске» көшті.

2014 жылы 17 мамырда «Арсенал» футболшылар тоғыз жылға созылған «жүлдесіз жылдарын» аяқтады – Англия кубогын жеңіп алды. 2014 жылғы 10-тамызда «Манчестер Ситиді» ұтып, Англия Суперкубогын иеленді.

2016-17 жж маусым қорытындысында «Арсенал» Англияда бесінші орынға табан тіреді де, 1997-98 жылдан бері бірінші рет УЕФА Чемпиондар Лигасынан сырт қалды. Бұл маусымда Англия кубогын ұтты да, 6 тамыз күні Англия суперкубогында «Челсиді» тізе бүктіріп, суперкубок иесі болды. Осылайша Арсен Венгер «Арсенал» тарихындағы ең титулды бапкер атанды.

2017/18 жылғы маусымда ұзақ уақыттан бері Чемпиондар Лигасынан сырт қалып, УЕФА Еуропа Лигасына қатысты. Бұл турнирде де бас жүлде бұйырмапты, жартылай финалда "Атлетико Мадридтен" ұтылып қалды. Англия чемпионатында алтыншы орында қалды да, жылдар бойы жалғасқан сәтсіздіктерден соң бап бапкер Арсен Венгер өз орнын босатты. Оның орнына Унаи Эмери келді. Унай да клубты бұрынғы деңгейге көтере алмады, 2019 жылы қарашада клубтың бұрынғы ойыншысы Фредди Люнгберг уақытша бапкер міндетіне кірісті, бірақ айға жетпей ол да қызметтен кетіп, Микель Артета тізгінді ұстады.

Эмблемалары

Құрамы

2020/2021 маусымда

ҚақпашыларТуған күніАзаматтығы
1Бернд Лено04.03.1992Германия
13Рунар Алекс Рунарссон18.02.1995Исландия
33Мэтью Райан08.04.1992Аустралия
44Карл Хейн13.04.2002Эстония
ҚорғаушыларТуған күніАзаматтығы
2Эктор Бельерин19.03.1995Испания
3Киран Тирни05.06.1997Шотландия
6Габриэл19.12.1997Бразилия
16Роб Холдинг12.09.1995Англия
17Седрик Соареш31.08.1991Португалия
20Шкодран Мустафи17.04.1992Германия
21Калум Чемберс20.01.1995Англия
22Пабло Мари31.08.1993Испания
23Давид Луис22.04.1987Бразилия
Жартылай қорғаушыларТуған күніАзаматтығы
8Мартин Эдегор17.12.1998Норвегия
7Букайо Сака05.09.2001Англия
15Энзли Мэйтленд-Найлс29.08.1997Англия
18Томас Партей13.06.1993Гана
25Мохамед Эльнени11.07.1992Мысыр
28Джо Уиллок20.08.1999Англия
32Эмил Смит-Роу28.07.2000Англия
34Гранит Джака27.09.1992Швейцария
ШабуылшыларТуған күніАзаматтығы
9Габриель Жезус03.04.1997Бразилия
14Пьер-Эмерик Обамеянг28.01.1989Габон
19Николя Пепе29.09.1995Кот-д'Ивуар
24Рейсс Нелсон10.12.1999Англия
30Эдди Нкетиа30.05.1999Англия
11Габриэл Мартинелли18.06.2001Бразилия
38Фоларин Балогун03.07.2001Англия

Жетістіктері

Ұлттық

Бірінші дивизион (1992 жылға дейін) / Англия Премьер-лигасы (1992 жылдан кейін)[4] 13 титул

  • 1930/31, 1932/33, 1933/34, 1934/35, 1937/38, 1947/48, 1952/53, 1970/71, 1988/89, 1990/91, 1997/98, 2001/02, 2003/04

Футбол лигасының екінші дивизионы[4]: 2 титул

  • 1986/87, 1992/93

Англия кубогі: 14 титул

  • Жеңімпаз: 1930, 1936, 1950, 1971, 1979, 1993, 1998, 2002, 2003, 2005, 2014, 2015, 2017, 2020

Англия лига кубогы

  • Жеңімпаз (2): 1987, 1993
  • Финалист (6): 1968, 1969, 1988, 2007, 2011, 2018

Англия суперкубогы:

  • Жеңімпаз (16): 1930, 1931, 1933, 1934, 1938, 1948, 1953, 1991¹, 1998, 1999, 2002, 2004, 2014, 2015, 2017, 2020
  • Финалист (7): 1935, 1936, 1979, 1989, 1993, 2003, 2005

Халықаралық

Еуропа чемпиондар лигасы:

  • Финалист (1): 2006

Жәрмеңкелер кубогы (1):

  • Жеңімпаз: 1970

УЕФА кубок иегерлерінің кубогі: 1 титул

  • Жеңімпаз: 1994

УЕФА кубогы:

  • Финалист: 2000

Дереккөздер

Сілтемелер