Асқазансор қазба фаунасы

Асқазансор қазба фаунасы Бетпақдаланың Асқазансор тұзды ойпатының оңтүстік жағалауынан табылған омыртқалы жануарлар қалдығы. Ертеде тіршілік еткен жануарлардың бұл қазба қалдығын 1929 ж. Орта Азия ун-тінің кешенді экспедициясының геологы Д.И. Яковлев ашқан. Кейінірек Ресей және Қазақстан палеонтологтарының жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде, бұдан 20 – 25 млн. жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар сүйектері табылды. Олар тақтұяқтыларға жататын: халикотерийлер – Phіllotіllon, мүйізтұмсықтар – Brachypotherіum, Protaceratherіum, Aprotodon, жұптұяқтыларға жататын шошқатәрізділер – Hemіmeryx, Brachyodus, Conohyus, бұғытәрізділер – Lophіomerux, жыртқыш аңдар – Amphіcyon, Machoіrodontіnae сүйектері болды. Басқа қазба орындарымен салыстырғанда Асқазансор қазба фаунасы табылған орын ерекше саналады, себебі, ол жерде халикотерий сүйектері өте көп кездескен. Онда тіршілік еткен жануарлар алдыңғы үшкір тұяқтарымен ағаш діңдеріне сүйеніп, оның жапырақтарымен қоректенген. Асқазансор қазба фаунасының геол. жасы жөнінде кейбір зерттеушілер олигоцен дәуірінің соңы десе, олардың екінші біреулері миоцен дәуірінің басы деген болжам айтады. Асқазансор қазба фаунасы жануарларының тіршілік ету ерекшеліктеріне қарағанда, олардың басым көпшілігі ормандар мен өзен-көл жағалауларын мекендеген.[1]

Сілтемелер

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм