Көл

Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері).[1] Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2.[2]

Көл.

Көлдердің түрлері

Көлсай.
Арал теңізі.
Каспий теңізі.
Тахо көлі, Калифорния
Үлкен тұзды көл, АҚШ
Аризона.

Қалыптасуына қарай

Көл ойыстарының қалыптасуына қарай: бөгелген, ойысты және аралас болып жіктеледі.

  • Бөгелген көл өзен аңғарын тау көшкіндері, сырғымалары, мұздықтар және т.б. басып қалған жағдайда пайда болады. Бөгелген көлге бөгендер мен әуіттер де жатады.
  • Ойысты көлдің мореналық, тектоникалық, жанартаулық, эолдық және карстық деп аталатын түрлері бар. Көлдер ағынды көл (ағатын өзендері бар) және тұйық көл болып ажыратылады.

Режіміне қарай

  • Ағындыөзен ағып шығатын көлдер
  • Ағынсыз – өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайды

Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едәуір ащы болады. Ағынды көлдердің суы, негізінен тұщы болады, ал ағынсыз тұйық көлдер көбінесе ащы келеді. Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің суы тұздылығы жөнінен айырмашылық жасауы мүмкін. Мысалы, Балқаш көлінің батыс бөлігіне қарағанда 5 есе көп, сондықтан батысы түщы болады.

Тұздылығы

Өзендерде тұздылық көбінесе 3-5 г/л-ден аспайды, ал көлдерде бұл көрсеткіш 14-тен 300 г/л дейін жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік-Батыс Азиядағы Өлі теңіз жатады.

Тұзды көлдерде ас тұзының, калий тұздарының, сода, йод, бром және т.б. минералды шикізаттың мол қоры шоғырланған. Каспийдің қайраңында мұнайдың мол қоры шоғырланған. Көлдерде балық шаруашылығы дамыған, ал ірі көлдер көлік қатынасына пайдаланылады.

Тұщы көлдер елді мекендер мен кәсіпорындарды сумен қамтамасыз етеді, тұзды көлдерді емдік мақсатта пайдаланады. Көлдер айналасының климатына да қолайлы әсер етеді; климаттың континенттілігін азайтады, ауаның ылғалдылығын арттырады. Адамның шаруашылық әрекетінен көлдерде су өсімдіктерінің шамадан тыс көбеюі, судағы газ құрамының өзгеруі әсерінен судың сапасы нашарлайды, судағы оттектің мөлшері азаяды.[3]

Дүние жүзі көлдері

Дүние жүзіндегі аса ірі көлдер

АтауыАуданы, мың км²Теңіз деңгейінен биік жатқан жері
м
Ең терең жері,
м
Орналасқан жері
Каспий теңізі376−281025Еуразия
Жоғарғы көл82183393Солтүстік Америка
Виктория68113480Африка
Гурон60177208Солтүстік Америка
Мичиган58177281Солтүстік Америка (АҚШ)
Танганьика347731470Африка
Байкал324561637Азия (Ресей)
Малави31472706Африка
Үлкен Аюлы көл30157137Солтүстік Америка (Канада)
Үлкен Еріксіздер көлі29156150Солтүстік Америка (Канада)
Эри2617464Солтүстік Америка
Чад2628111Африка
Виннипег2421728Солтүстік Америка (Канада)
Балқаш2234226Азия (Қазақстан)
Онтарио2075236Солтүстік Америка
Арал теңізі18,243,554,5Азия
Ладож көлі185230Еуропа (Ресей)
Маракайбо160250Оңтүстік Америка
Бангвеулу150675Африка
Дунтин12118Азия
Онеж көлі1033127Еуропа (Ресей)
Тонлесап101214Азия
Туркана8,537573Африка
Никарагуа8.43270Солтүстік Америка
Титикака8,33812304Оңтүстік Америка
Атабаска7,921360Солтүстік Америка (Канада)

Дереккөздер