Ауа райын болжау

Ауа райын болжау ауа райын алдын ала ғыл. негізде анықтау. Алдымен синоптик. процестер (ауа массалары, антициклон, атмосф. шебі, т.б.) анықталады, соның негізінде атмосф. құбылыстар (жауын-шашын, тұман, боран, т.б.) болжанады. Уақыт ұзақтығына байланысты Ауа райын болжау өте қысқа, қысқа (1 – 2 тәулікке), орта (3 – 10 тәулікке), ұзақ (бірнеше айға дейін) және өте ұзақ (бір жылдан астам) мерзімдік болып бөлінеді. Синоптик. және аэрол. ст-лардан келетін мәліметтердің өңделуі нәтижесінде циклондар мен антициклондардың, т.б. синоптик. нысандардың қозғалысы бақыланады. Ауа райын болжау үшін қысым және топография карталары, ғарыштық түсірімдер, т.б. мәліметтер қолданылады. Синоптик. жағдайларды болжау бірнеше кезеңнен тұрады: 1) циклондар мен антициклондардың пайда болуын, дамуын және қозғалысын болжау; 2) атмосф. шептердің қозғалысын және өзгеруін болжау; 3) атмосферадағы ағындардың бағытын болжау. Гидрометеорология орт-нда ауа райынан басқа ауыл шаруашылығы дақылдардың өсуі, өнімділігі болжанады, сондай-ақ мал ш-на да қатысты болжаулар жасалынады.[1]

Ауа райы болжамы

Iрі масштабты атмосфералық процестердің, ең алдымен, қысым өрісінің, температураның және желдің дамуын талдау негізінде жасалған ауа райының алдағы уақыттағы жайы туралы жорамал. Қысқа мерзімдік (бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін), біршама ұзақ мерзімдік (3—10 тәулік) және тым ұзақ мерзімдік (бір ай және одан да астам) деп ажыратады. Ауа райы болжамы арнайы (шаруашылықтың әр түрлі салалары үшін) және жалпы пайдалануға арналған деп бөлінеді. Ауа райы болжамы аумаққа (облыс, өлке, ел, теңіз айдыны және тағы да басқалары), сондай-ақ жеке елді мекендер, аэропорттар үшін және синоптикалық карталарды талдау негізінде (синоптикалық ауа райы болжамы) жасалады.[2]

Дереккөздер