Баамонде Франсиско Франко

Франко Баамонде Франсиско (4.12.1892, Эль-Ферроль — 20.11.1975, Мадрид) — Испанияның диктаторы, генералиссимус.

Франциско Франко, 1964
Франсиско Франко
Лауазымы
Испания каудильосы
1 қазан 193620 қараша 1975
ІзашарыЛауазымы ұйымдастырылған
ІзбасарыЛауазым ыдыратылған
Испания үкімет төрағасы
31 января 1938 — 8 июня 1973
ІзашарыХуан Негрин
ІзбасарыЛуис Карреро Бланко
Өмірбаяны
ПартиясыИспания фалангасы
АзаматтығыИспания
ДініКатолицизм
Дүниеге келуі4 желтоқсан 1892
Ферроль, Галисия
Қайтыс болуы20 қараша 1975 (82 жаста)
Мадрид
ЖерлендіМингоруббио бейіті
Туған кездегі есімібаск. Francisco Paulino Hermenegildo Teódulo Franco Bahamonde
ӘкесіНиколас Франко-и-Сальгадо-Араухо (1855—1942)
АнасыМария дель Пилар Баамонде-и-Пардо де Андраде (1865—1934)
ЖұбайыКармен Поло (1900—1988)
БалаларыКармен Франкр
Әскери қызметі
Қызмет еткен жылдары1907—1975
Құрамында болдыИспания
Әскер түріИспания қарулы күштері
АтағыГенералиссимус
ШайқасыИспан азамат соғысы

Өмірбаяны

1892 ж. Галисиядағы Ферроле қаласында өмірге келді. Жаяу әскер академиясын бітірген. Испанияның Африканы отарлау соғысына қатысып, Мароккодағы жеңістерінің арқасында 33 жасында генерал дәрежесін алды (1925). Франко — Испания тарихындағы ең жас генерал. 1927 — 1931 ж. қалпына келтірілгенде Сарагоса қасындағы әскери академияның бастығы болды. 1936 — 1939 ж. Испаниядағы азамат соғысы кезінде әскери фашистік бүлікті басқарды. Германия мен Италияның көмегіне сүйеніп республикашыларға қарсы күресті. 1939 ж. Испаниядағы республика құлағаннан кейін елде авторитарлық диктатура орнатты. Әскери хунта оны Испанияның өмірлік басшысы (каудильо) етіп жариялады. Ол Испания министрлер кеңесінің төрағасы (1973 жылға дейін), сондай-ақ әскери қарулы күштердің бас қолбасшысы болды. Елдегі саяси партияларға тыйым салынды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Франко Германия мен Италияға көмектесіп, соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ-пен тығыз байланыс орнатты. 1947 ж. Испанияда корольдік басқару қайта орнайды деп жариялағанымен өзі өлгенше басқару өзгермеді. Франко 1969 ж. 22 шілдеде Хуан Карлос Бурбонды (1902 — 31 ж. Испанияны билеген король Альфонс ХҚҚҚ-нің немересі) өзінің мұрагері және Испанияның болашақ королі етіп жариялады.

Ол әрқашан Рим папасының қолдауына сүйенді. Франко диктатурасы испан халқына аса ауыр тиді. Испания экономикалық және өндірістік дамудан Еуропада артта қалды.[1]

Дереккөздер