Батыр Қайыпұлы

қазақ сұлтаны

Батыр Қайыпұлы (туған жылы белгісіз — 1771) — сұлтан, Кіші жүздің бір бөлігінің ханы (15.10.1748 — 1771).[1]

Батыр хан ІІ
Лауазымы
Ту
Ту
Кіші жүздің ханы
1748 — 1771
ІзашарыӘбілқайыр хан
ІзбасарыБайрамұқ хан
Өмірбаяны
ДініИслам
Қайтыс болуы1771 (1771)
Орынбор
ДинастияТөре
ӘкесіҚайып хан
БалаларыҚайып хан ІІ

Жошыдан тараған Жәдік сұлтанның ұрпағы. Бұхарада оқып тәрбиеленген. 1728 жылы аз уақыт Хиуа тағында отырған. 1723 - 29 жылдары қазақ-жоңғар соғыстарында Шекті руының жасағын бастап, жеке басының батырлығы және қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. XVIII ғасырдың 20-шы жылдарының аяқ кезінен бастап Әбілқайыр ханның басты бақталастарының біріне айналды. Барақ сұлтанмен келісімге келіп, Әбілқайырдың өліміне себепші болды.[2] 1731 жылдың желтоқсанда Батыр сұлтан Ресей бодандығын қабылдағанымен өзінің геосаяси мақсаттарын жүзеге асыруда жоңғарларға да иек сүйеуге тырысты.[3] Әбілқайырдың қазасынан кейін, оның ұлы Нұралы хан ханның билігін мойындаудан бас тартты. 1748 жылдың қазан айында Әлімұлының Шекті, Шөмекей, Бозғыл, Қарасақал руларының басшылары Батыр сұлтанды хан сайлайды. Бірақ Ресей өкіметі оны хан деп танымайды. 1750 - 60 жылдары Батыр хан Орта Азия жеріндегі хандармен бейбіт қарым-қатынас орнатады. Егде тартқан шағында Сырдарияның төменгі ағысындағы ордасында қайтыс болады.[4][5]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм