Баянауыл тауы

Баянауыл тауыСарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.

Баянауыл тауы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Сарыарқа

Пайда болған кезеңі

Силур, девон

Ұзындығы

40-50 км

Ені

20-25 км

Ең биік шыңы

Ақбет тауы

Биіктігі

1026 м

Орналасуы

50°48′ с. е. 75°37′ ш. б. / 50.800° с. е. 75.617° ш. б. / 50.800; 75.617 (G) (O) (Я) 75°37′ ш. б. / 50.800° с. е. 75.617° ш. б. / 50.800; 75.617 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Павлодар облысы Баянауыл ауданы

Баянауыл тауы (Қазақстан)
Баянауыл тауы
Баянауыл тауы (Павлодар облысы)
Баянауыл тауы

Географиялық орны

Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 40-50 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 км-ге созылып жатыр. Абсолюттік биіктігі 600-1000 метр, ең биік жері – Ақбет тауы (1026 м). Орталық тау шоғырынан жан-жаққа тараған сілемдері — Жасыбай, Жанбақы, Торайғыр, Жақсыаула, Жаманаула біртіндеп аласара береді.

Геологиялық құрылымы

Жер бедері

Тау силур мен девон кезеңінің кристалды гранит, сиенит, порфирит, тақтатас жыныстарынан түзілген. Мезозой кезеңінде сыртқы күштің әсерінен жеміріліп, осы күнгі бедері пайда болған.

Жер бедері, өсімдігі

Тау басы қия, жартасты келеді. Таудың етегінен басына дейін өскен бозтал, балқарағай, ақ қайың орманы, тау аралығындағы қазаншұңқырда жатқан суы мөлдір көлдер (Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр), әсем құзы, алуан бейнелі алып жартастары, үңгірлері, тау етектерінен аққан бұлақтары табиғатына ерекше көрік береді. Орман ішінде қарақат, жидек, бүлдірген, таңқурай, саңырауқұлақ, тағы басқа өседі. Баянауыл тауы өңірінде бірнеше демалыс орындары бар. 1988 жылы Баянауыл тауының табиғатын қорғау мақсатында Баянауыл ұлттық табиғи саябағы ұйымдастырылды.[1]

Галерея

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм