Ақбет тауы

Ақбет тауыСарыарқаның солтүстік-шығысындағы Баянауыл тауларының ең биік сілемі.

Ақбет тауы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Баянауыл таулары

Пайда болған кезеңі

Силур, девон

Ұзындығы

17 км

Ені

5-7 км

Биіктігі

1026 м

Орналасуы

50°50′36″ с. е. 75°39′46″ ш. б. / 50.84333° с. е. 75.66278° ш. б. / 50.84333; 75.66278 (G) (O) (Я) 75°39′46″ ш. б. / 50.84333° с. е. 75.66278° ш. б. / 50.84333; 75.66278 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Павлодар облысы Баянауыл ауданының жерінде

Ақбет тауы (Қазақстан)
Ақбет тауы
Ақбет тауы (Павлодар облысы)
Ақбет тауы

Географиялық орны

Павлодар облысы Баянауыл ауданының жерінде орналасқан. Ең биік жері 1026 м. Батыстан шығысқа қарай 17 км-ге созылып жатыр, ені 5-7 км.

Жер бедері

Беткейлері құзды-қиялы, жартасты және жақпартасты болып қатты тілімденген. Торайғыр, Жасыбай, Сабындыкөл көлдері Ақбет тауының баурайында орналасқан. Бұлақтар көп. Табиғаты сұлу.

Геологиялық құрылымы

Силур мен девон дәуірінің кристалды гранит, сиенит, порфирит, тақтатас жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі

Беткейлерінде қарағай, арша және тобылғы, т.б. бұталар, етегінде қайың, терек, тал өседі.[1]

Дереккөздер