Беньямин Шешко

Беньямин Шешко (словен. Benjamin Šeško; 31 мамыр 2003[1]) — словениялық футболшы, Словения Ұлттық футбол құрамасы мен "РБ Лейпциг" клубының шабуылшысы. 2022 жылы "Словения жыл футболшысы" атанды.

Беньямин Шешко Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

31 мамыр 2003 (2003-05-31) (20 жас)

Туған жері

Радече, Словения

Азаматтығы

Словения Словения

Бойы

194

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Германия РБ Лейпциг

Номері

30

Клуб карьерасы[* 1]
2020—2023Аустрия Ред Булл Зальцбург55 (21)
2019—2020 Аустрия Лиферинг44 (22)
2023—Германия РБ Лейпциг6 (2)
Ұлттық құрамы[* 2]
2021— Словения23 (9)

Карьерасы

Халықаралық

Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2021 жылы 1 маусымда Солтүстік Македонияға қарсы ойында алаңға шықты.

2023 жылы 20 қарашада ЕУРО-2024 іріктеу ойынында Қазақстан қақпасына пенальтиден құрама сапындағы 9-шы голын соғып, құраманың ЕУРО-2024 турниріне жолдама алуына көмектесті. Бұл ойында Словения 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Жүлделері

Командалық

«Ред Булл Зальцбург»

  • Аустрия чемпионы (3): 2020/21, 2021/22, 2022/23
  • Аустрия Кубогы: 2021/22

Дереккөздер