Билли Джин Кинг кубогы

Үлгі:Portal

Билли Джин Кинг кубогы (ағылш. Billie Jean King Cup) — теннистегі әйелдер арасында өткізілетін негізгі топтық жарыс.

Алғашқы рет 1963 жылы, Халықаралық теннис федерациясының 50-жылдығына орай өткізілді. Бастапқы атауы — Федерация кубогы (ағылш. Federation Cup). 1995 жылдан бастап Fed Cup деген қысқа нұсқасы қолданыла бастады. 2020 жылы жарыстың атауы әйгілі теннисші Билли Джин Кинг құрметіне арнап тағы да өзгертілді[1].

Жеңімпаздары

ЕлЖылдары[2]
 АҚШ1963, 1966, 1967, 1969, 1976, 1977, 1978, 1979, 1980, 1981, 1982, 1986, 1989, 1990, 1996, 1999, 2000, 2017 (18)
 Чехословакия
 Чехия
1975, 1983, 1984, 1985, 1988, 2011, 2012, 2014, 2015, 2016, 2018 (11)
 Аустралия1964, 1965, 1968, 1970, 1971, 1973, 1974 (7)
 КСРО
 Ресей
Ресей Теннис Федерациясы
2004, 2005, 2007, 2008, 2020–21 (5)
 Испания1991, 1993, 1994, 1995, 1998 (5)
 Италия2006, 2009, 2010, 2013 (4)
 Франция1997, 2003, 2019 (3)
ГФР
 Германия
1987, 1992 (2)
 Швейцария2022 (1)
Оңтүстік Африка1972 (1)
 Бельгия2001 (1)
 Словакия2002 (1)

Heart Award сыйлығы

2009 жылдан бастап жарысқа қатысқан әйел теннисшілер арасында өз елінің абыройы үшін кортта барын салып, командаға деген адалдығын танытқан үздік ойыншыларға Heart Award сыйлығы берілетін болды.

Қазақстандық атлеттер арасында осы жүлдеге Галина Воскобоева[3], Юлия Путинцева[4], Зарина Диас[5] ие болды.

Дереккөздер

Тағы қараңыз