Ванесса Паради

Ванесса Шанталь Паради (фр. Vanessa Chantal Paradis, 22 желтоқсан 1972) — француз киноактрисасы, әнші және фотомодель.

Ванесса Паради
фр. Vanessa Chantal Paradis
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

22 желтоқсан 1972 (1972-12-22) (51 жас)

Туған жері

Сен-Мор-де-Фоссе (Валь-де-Марн департаменті, Франция)

Азаматтығы

 Франция

Мамандығы

актриса
әнші
фотомодель

Белсенді жылдары

1989 — қазіргі уақыт

IMDb

ID 0660854

Биографиясы

Ерте жылдары

1972 жылы 22 желтоқсанда Париж маңындағы Сен-Мор-де-Фоссе (Валь-де-Марн департаменті) қаласында Андре және Коринн Паради режиссерлерінің отбасында дүниеге келген. Әпкесі — Элиссон Шерди. Бала кезінен Ванесса ән мен биді жақсы көретін. Оның отбасы шоу-бизнеспен айналысты, ал ағасы, актер және продюсер Дидье Пейннің бастамасымен жеті жасында Ванесса l'école des fans Jolie телеконкурсында француз теледидарында алғаш рет көрінді. 1987 жылы, 14 жасында, Ванесса "Такси жүргізушісі Джо" (Joe le taxi) әнімен Еуропаға әйгілі болды. Келесі жылы оның M & J дебюттік альбомы платиналық альбом болып танылды.

Мансабы

1989 жылы Ванесса Жан-Клод Бриссоның "Ақ үйлену" фильміндегі басты әйел рөлін сомдады. Бұдан соң Ванесса бес жыл бойы кинода ойнаған жоқ. Осыдан кейін оның Серж Генсбурдың соңғы ірі жұмысына айналған Vanessa Paradis (1992), Vanessa Paradis Live (1994) Variation Sur Le Même t'aime (1990) альбомдары шығады. Сонымен қатар, Ванесса Chanel фирмасымен келісімшартқа қол қойып, "Коко" парфюмериясын жарнамалайтын модельдік мансабын бастады.

1995 жылы ол Жерар Депардьёмен бірге Жан Беккердің "Элиза" фильмінде экрандарда қайтадан көрінді. Бұл жобада Ванесса өзінің имиджін әлдеқайда қатаң басқарса да, эротикалық сценалардан бас тартқан жоқ.1997 жылы актриса комедиялық рөлдерді сосдай бастады және Жан Реномен бірге Рене Манзонидің "Сиқырлы махаббат" мистикалық комедиясында ойнады. 1998 жылы Патрис Леконттың "Екі адамға бір мүмкіндік" фильмінде Жан-Пол Белмондо мен Ален Делонмен бірге ойнады. Патрис Ванессамен жұмыс істеуді жалғастырды және 1999 жылы Ванесса Паради мен Даниэль Отеймен "Көпірдегі қыз" фильмі шықты.

2000 жылы әншінің "Bliss" атты жаңа альбомы жарық көрді, одан кейін "Vanessa Paradis au Zenith" турнесі өтті.

2005 жылы Ванесса Паради Джонни Депппен бірге "Дон Кихотты өлтірген адам" фильмінде Дулсинея рөлін ойнауы жобаланған еді, алайда көптеген мәселелерге байланысты фильм түсірілімі аяқталған жоқ.

2007 жылы Ванессаның "Divinidylle" атты жаңа альбомы жарық көрді.

Жеке өмірі

1998-2014 жылдары Ванесса актер Джонни Депппен нақты некеде болды. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың екі баласы бар — қызы Лили-Роуз Мелоди Депп (1999 жылы 27 мамыр туылған) және ұлы Джон Кристофер "Джек" Депп (2002 жылы 9 сәуір туылған).

2018 жылдың 30 маусымынан бастап Ванесса неке қиюға дейін 19 ай кездескен режиссер Сэмюэл Беншетриге үйленді.

Фильмография

Caption text
ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөлі
1989Ақ үйленуNoce BlancheМатильда Тесье
1995ЭлизаÉlisaМари Демулен
1997Сиқырлы махаббатUn amour de sorcièreМоргана
1998ЛяззатLe plaisir (et ses petits tracas)дауыстау
1998Екі адамға бір мүмкінідкUne chance sur deuxЭлис Томасо
1999Көпірдегі қызLa fille sur le pontАдель
2004Атомды цирк: Джеймс Баттлдың оралуыAtomik Circus — Le retour de James BatailleКончия
2004Менің періштемMon angeКолет
2005Сиқырлы саяхатPollux, le manège enchantéМарго
2006Қызғылт сарбазLe Soldat RoseMade in Asia
2007КілтLa clefСесилия
2010Жүрек жаулап алушыL'arnacoeurЖюльетт
2011Париждегі құбыжықUn monstre à ParisЛюсиль
2011Кафе де ФлорCafé de floreЖаклин
2012Дубай тотықұсыDubaï FlamingoДжекки
2012Менің кішкентай қылықтарымJe me suis fait tout petitЭмманюэль
2012КорнуальCornouaillesОдиль
2013Жиголо бетінің астындаFading GigoloЭвигэл
2014Рио, мен сені сүйемінRio, Eu Te Amo
2014Сұлулар ПариждеSous les jupes des fillesРоуз
2016Йогада басы қалғырYoga Hosersмисс Морис
2018Жүректегі пышақUn couteau dans le cœurАнна

Дереккөздер