Веб-дизайн

Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі практикалық, бұл бөлімде дайын сайт жасап шығарылады.[1]

Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар

Бұрынғы кезде Web-сайтты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:

  • Жоспарлау;
  • Элементтерді жасақтау;
  • Бағдарламау;
  • Тестілеу;
  • Жариялау;
  • Жарнамалау;
  • Бақылау;

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:1. Сайттың орны.2. Сайттың аудиториясы кімдер.3. Қандай ақпарат жарияланады.4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:1. Навигациялық құрылымын жасау.2. Беттің дизайнын жасау.3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

Тестілеу

Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:1. Сілтеменің жұмысы;2. Мәтіндегі қателер;3. Навигацияның тиімділіғі.4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.5. Графикалық файлдардың ашылуы.6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

Жариялау

Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.

Жарнамалау

Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт туралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.[2]

Бақылау

Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.

HTML негіздері

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі. HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera.HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,<html> тегтiң жұмысын ашады да келесi </html> тегi оны жабады. <title> ашылуы, </title> жабылуы.Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, <IMG> т.с.с.Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.[3]

Дереккөздер