Дала алақоржыны

Дала алақоржыны (лат. Lagurus lagurus) – кеміргіштер отрядының аламантәрізділер тұқымдасына жататын тышқан. Қазба қалдықтары төменгі плиоцен дәуірінен сақталған. Сары алақоржын (Eolagurus luteus) - туыстас түрі. Дала алақоржынының дене тұрқы 96 – 125 мм, салмағы 18 – 46 г болады. Арқасында төбесінен құйрығына дейін созылып жатқан қара жолағы бар. Қазақстанның солтүстік жартысындағы орманды-дала, шөлейтті-далалы аймақтарда (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстары), оңтүстік-шығыс таулы аудандарда (Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары) кездеседі. Дала алақоржынының бірнеше іні болады. Қысқы ұйқыға жатпайды. Жылына 6 рет (1 – 14-тен) балалайды. Астық, бағалы жемшөп өсімдіктерімен қоректенгендіктен алақоржын шарушылығына зиян келтіреді.[1]

Дала алақоржыны

Амандық күйі

Least Concern(IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Сүтқоректілер
Сабы:Кеміргіштер
Тұқымдасы:Cricetidae
Кіші тұқымдасы:Arvicolinae
Тайпасы:Lagurini
Тегі:Lagurus
Gloger, 1841
Түрі:L. lagurus
Екі-есімді атауы
Lagurus lagurus
(Pallas, 1773)

Дереккөздер