Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысыҚазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан облысы. Территориясы бойынша ең үлкен облыс.

Қазақстан облысы
Ақтөбе облысы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облыс орталығы

Ақтөбе

Аудандар саны

12

Ауылдық округтер саны

134

Қалалық әкімдіктер саны

8

Ауыл саны

315

Әкімі

Асхат Берлешұлы Шахаров

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°17′ с. е. 57°10′ ш. б. / 50.283° с. е. 57.167° ш. б. / 50.283; 57.167 (G) (O) (Я) 57°10′ ш. б. / 50.283° с. е. 57.167° ш. б. / 50.283; 57.167 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

10 наурыз 1932 жыл

Жер аумағы

300 629 км² (1-ші орын)

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Экономикалық ауданы

Батыс Қазақстан

Тұрғындары
Тұрғыны

928 185[1] адам (2023)(7-ші орын)

Тығыздығы

3,1 адам/км² (14-ші орын)

Ұлттық құрамы

қазақтар 84,29%
орыстар 10,42%
украиндар 2,14%
татарлар 0,97%
басқалары 2,18% (2022 ж.)[2]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 713

Пошта индекстері

03xxxx

Автомобиль коды

04

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-AKT

Басқалары
Әкімдіктің мекенжайы

Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, №40

Ақтөбе облысының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Ақтөбе облысы

Ортаққордағы санаты: Ақтөбе облысы
Табиғат көрінісі

Солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қостанай облысымен және оңтүстік-шығысында Ұлытау мен Қызылорда облыстарымен шектеседі.

Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.

Халқы

1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның ішінде 383,7 мың адам қалада, 298,9 мың адам ауылда тұрады. Облыста 91 ұлтттар мен ұлыстардың өкілдері бар. 2006 жылғы қортынды бойынша облыс аумағында 280 мың адам тұрса, 2009 жылы 300 мыңнан асып түсті.

Ақтөбе облысы халқының саны[3][4]

19701979198919992003200420052006200720082009
550 582629 241737 995682 558668 378671 812678 602686 698695 454703 660757 768
20102011201220132014201520162017201820192020
763 589777 471786 349795 817808 932822 522834 813845 679857 711869 637881 651

Транспорт инфраструктурасы

Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және Маңғыстау, Орта Азия және Еуропаға қарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған.

Өнеркәсібі

Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10% және болжамды ресурстарының 30%, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55%, титан — 40%, фосфор — 34%, мырыш — 4,7%, мыс — 3,6% , алюминий — 2%, көмірдің 1,4% жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн тн.(құрамында таза мыс-1,5 млн.тн.) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн.тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді.Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады.Облыстағы экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «№406 ГА авиажөндеу зауыты», «Ақтөберентген» ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал.Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45% шығаруды топтастырды.Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді, оның 545-і Ақтөбе қаласында орналасқан. 2002 жылы олардың шығарған өнімдері 139,3 млрд теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы

Ақтөбе облысы — Қазақстан Республикасындағы ірі ауыл шаруашылық аймағы. Ақтөбе бидайы жоғары құрамдағы ақуыз және ұлпасымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы түсімі 2002 жылы 21,5 млрд теңгені құрады. Бір жылда өндірілген сүт көлемі 225,5 мың тн., жұмыртқа — 83,8 млн дана, ет- 70,5 мың тн. құрады.

Мәдениеті

Ақтөбе қаласы еліміздің батыс өңірінің ірі мәдени, білім және ғылым орталығы болып саналады. Қалада 11 жоғарғы, 16 арнаулы оқу орны бар. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина Академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі және т.б. тек қана Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал оқу орындары бар.Қалада қазақ және орыс труппасы істейтін драма театры, қуыршақ театры, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Кеңестер Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы мұражайы қызмет істейді.

Топырағы ерекшеліктері

Қара топырақ

Қара топырақты жерлер облыстың солтүстігінде. Мұнда топырақтың қарашіріндісі аз, негізінен қиыршық құмды келеді. Топырағы тығыз саздауыт, стрегірек жерлері саздан қалыптасқан. Аздап дренажі бар ркльефі ойпаңдау жерлерде, жердің әсіресе тығыз қабатында сортақтану көбейе түседі.

Ақтөбеден шыққан тұлғалар

  • Ақтан Керейұлы — қазақтың халық ақыны, жырау, жыршы.
  • Ахмет Жұбанов — музыкант, дирижер, халық әртісі.
  • Әбілқайыр хан — Кіші жүз ханы
  • Әйтеке би — Кіші жүз биі, Әйтеке би ауданы
  • Байтақ мақсым — діндар, Таймас Ишанның туған ұлы, діни лауазымы "мақсым", туған жері қазіргі Байғанин ауданы.
  • Кенжеғали Кенжебаев — профессор, академик, қазақтың еңбек сіңірген ұлы математигі, физика-математика ғылымына үлес қосқан тұлға.
  • Көбен би — кіші жүздің барымта биі, әлім елі мен адай еліне төрелік еткен би.
  • Көтібар батыр — қазақ батыры, Сүйінғар батырдың баласы
  • Түрікпенбай палуан — кіші жүздің жауырыны жерге тимеген палуаны.
  • Таймас Ишан — көріпкелдігімен атақты әулие, туған жері қазіргі Байғанин ауданы.
  • Мөңке би — қазақтың ұлы биі, туған жері Шалқар қаласы
  • Мыңбай батыр — кіші жүздің батыры, би әрі болыс болған тұлға, "Адай көтерілісінде" орыс үкіметіне қарсы ерекше қолбасшылығымен аты қалған.
  • Есет Көтібарұлы — қазақтың ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қоқан ханға қарсы шыққан
  • Қазанғап Тілепбергенұлы — қазақтың ұлы музыканты, күйшісі. Шалқар қаласы
  • Құдайберген Жұбанов — Алғашқы қазақ тіл зерттеушісі, филолог
  • Қобланды батыр — қазақтың ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қобда ауданы, арғы аталары Торғай өзенінің бойында тұрған
  • Шығанақ Берсиев — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тары, бидай өсіруден рекордшы, Ойыл ауданы
  • Нұрпейіс Байғанин — қазақ күйшісі, қазақтың халық ақыны
  • Жауғашты Нәбиев — ҚР-ның еңбек сіңірген саясаткері, қазақ комерциялық банкінің қалаушысы және басшысы, Қазақстан нарығының дамуына үлкен үлес қосқан тұлға.
  • Жарас батыр — Кеңес одағының батыры, М. Ғабдулиннің «Майданда» шығармасының басты кейіпкері.
  • Жұбанова Ғазиза — Белгілі композитор, Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова 1927 жьлдың 2 желтоқсанында заманымыздың заңғар композиторы, академик Жұбанов Ахмет Қуанұлының отбасында дүниеге келді- Мәскеуде білім алды.
  • Әлия Молдағұлова — Екінші дүниежүзілік соғысының батыры, снайпер, ефрейтор. Туған жері Қобда ауданы
  • Оспанов Марат — саясат қайраткері, Қазақстан Республикасы Парлементінің спикері болған
  • Орал Бәйсенгіров — атақты ақын, журналист, әнші.
  • Лидия Каденова — қазақ және КСРО әртісі, Шалқар
  • Жанар Айжанова — қазақ эстрадасының әншісі, Шалқар қаласы
  • Ғалиб Жапаров — бокстан әлем чемпионы, Қандыағаш қаласы
  • Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин — саясаткер, Алға қаласы
  • Елшібаева Айгүл — «Дарын» сыйлығының лауреаты, әнші-термеші, Шалқар ауданы
  • Тахауи Ахтанов — қазақтың ұлы жазушысы, драматург — (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған
  • Пацаев Виктор — ұшқыш, космонавт, Кеңес Одағының батыры
  • Келімбердиев Сәубет — еңбек сіңірген хирург, бас дәрігер т.б қызметтер де елеулі жетістіктерге жеткен басшы.
  • Ксенофонтова Елена — ресейдің театр және кино әртісі
  • Қараұлы Бөкенбай батыр — Жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған кіші жүз батыры.
  • Есен Елеукен — бұрынғы радиожүргізуші, қазіргі Жайдарман президенті, қазақша КВН-ге ерекше үлес қосып жүрген азамат, туған жері Шалқар ауданы.
  • Марат Жақсылықұлы Әбиев — қазақстандық кәсіпкер, «Қазақстандық арман» кітабының авторы, ең жас миллионер болып табылады, Forbes Kazakhstan журналының бағалауы бойынша, 2013 жылы қарашадағы Әбиев Мараттың дәулеті 11 млн АҚШ долларына бағаланған.
  • Салжанов Исламбек Төлеубайұлы — қазақстандық кәсіпкер және меценат. «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының президенті.

Әкімшілік құрылымы

Облыста 12 аудан мен 1 облыстық маңыздағы қала бар:

Әкімшілік бірлікОрталығыАумағы
(км²)
Халқы
(адам)
Құрамы
Алға ауданыАлға қаласы7,3 мың43,4 мың12 а/о, 1 қала
Әйтеке би ауданыТемірбек Жүргенов ауылы35,9 мың20,8 мың15 а/о
Байғанин ауданыҚарауылкелді ауылы61 мың22,9 мың9 а/о
Қарғалы ауданыБадамша ауылы5 мың15,4 мың8 а/о
Қобда ауданыҚобда ауылы14 мың16 мың16 а/о
Мәртөк ауданыМәртөк ауылы6,6 мың29,6 мың13 а/о
Мұғалжар ауданыҚандыағаш қаласы27,9 мың65,5 мың12 а/о, 3 қала
Ойыл ауданыОйыл ауылы11,5 мың16,1 мың7 а/о
Темір ауданыШұбарқұдық кенті12,6 мың35,8 мың9 а/о, 1 қала
Хромтау ауданыХромтау қаласы12 мың46,3 мың14 а/о, 1 қала
Шалқар ауданыШалқар қаласы61,9 мың42,6 мың12 а/о, 1 қала
Ырғыз ауданыЫрғыз ауылы41,5 мың14 мың7 а/о
Ақтөбе қаласы0,2 мың560 мың2 аудан

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер