Джордж Кеннан

Джордж Кеннан (16.2. 1845, АҚШ, Огайо штаты, Норуолк қаласы – 10.5.1924, сонда) – американ саяхатшысы, зерттеуші, публицист.

]Джордж Кеннан. 1885 ж.

1865 – 68 ж. Орыс-Америка телеграф қоғамының тапсырмасымен Солт.-шығыс Азияны Беринг бұғазына дейін аралап, 1870 – 71 ж. Кавказдың шығыс бөлігінде, 1885 – 86 ж. Сібір мен Ресейдің солтүстік-шығыс аймақтарында, Семейде болып, орыс революционерлерінің жер аударылған орындары мен түрмелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Кейін Кубада, Мартиникада, Жапонияда репортер болған. 1870 жылы Нью-Йоркте Кеннанның “Сібірдегі көшпелі өмір” аталатын кітабы жарыққа шықты. Еңбек Америкада 20 реттен астам қайта басылып, бірнеше тілдерге аударылды. Америка журналдарында Сібір халықтары туралы мақалалары жарық көріп, кәсіпқой журналист ретінде де танылды. Кеннан Семей қаласының өмірімен, ондағы жер аударылып келген орыс революционерлерімен жақын танысып, Ресей үкіметінің саясатына сын пікірлер жазды. “Сібір және жер аудару” (1891) деген еңбегінде Семей кітапханасы туралы, Абайдың сол кітапханада жиі болатынын, Льюис, Милль, Дрепер шығармаларының орыс тіліндегі аудармасын оқитынын, ағылшын философиясына тереңірек үңілетінін А.Леонтьев деген жер аударылып келген орыс азаматынан естігенін баяндайды. Кеннанның бұл кітабы барлық Еуропа тілдеріне аударылды, Ресейде бірнеше рет жарық көрді. Кеннанның Ресей империясының отарлау саясатын әшкерелеген еңбектері әлі күнге өз құндылығын жоғалтқан жоқ.[1]

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:George Kennan
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм