Дипа Нусантара Айдит

Айдит Дипа Нусантра (индон. Dipa Nusantara Aidit; 30.07.1923—22.11.1965) - Индонезия жұмысшы және коммунистік қозғалысының қайраткері.

Дипа Нусантара Айдит
Dipa Nusantara Aidit
Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Қайтыс болған күні

22 қараша 1965 (1965-11-22)

Қызметі

коммунистік қозғалысының қайраткері

Суматра аралында орманшы-жұмысшы отбасыда туған. Сауда мектебі бітірген.

1939 жылдан отаншыл жастар қозғалысы басшыларының бірі.

1943 ж. Индоезия Компартиясына мүше болып өтті.

1945 ж. тәуелсіздік жолындағы күреске қатысқаны үшін жапондықтар, кейін ағылшын-голландықтар қамауға алды.

1947 ж. Компартияның саяси бюросына мүше болып сайланды. 1951-59 ж. - бас секретары, 1959-65 ж. - төрағасы.

Айдит Дипа Индонезияның Жоғары косультативтік Советіне мүше (1959 жылдан), Халықтық уақытша консультативтік конгресі председателінің орынбасары (1960 жылдан), Ұлттық майдан председателінің орынбасары (1961 жылдан), портфельсіз миистр (1962 жылдан) болды.

Айдит Дипа 1965 жылы "30 қыркүйектің оқиғасынан" кейін Сухардо өкіметінің қолынан қаза тапты.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм