Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Женевадағы (Швейцария) халықаралық бюросы.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы – 1967 жылы Стокгольмде (Швеция) құрылған‚ 1974 жылдан БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. Дүние жүзіндегі зияткерлік меншікті қорғау; зияткерлік меншік пен авторлық құқықтар саласындағы түрлі одақтарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығына‚ шарттар жасасуға және ұлттық заңдарды бір ізге түсіру; өнеркәсіптік меншікпен байланысты технологиялардың берілуін оңайлатуға‚ оларға заңды және тех. көмек көрсету; ақпарат жинау мен таратуға‚ халықаралық тіркеу қызметінің жұмысын қамтамасыз етуге, осы ұйымға мүше мемлекеттердің арасындағы әкімшілік ынтымақтастықтың басқа да түрлеріне қол ұшын беру мақсатын көздейді.[1]

Дереккөздерқайнарын өңдеу


Навигация мәзірі