Ел класико

Ел класико (ис. El Clásico, кат. El Clàssic), немесе Испания дербиі (ис. El derbi Español, кат. El derbi espanyol) — Испанияның футбол чемпионатында өнер көрсететін «Реал» мен каталондық «Барселона» арасында өтетін футбол матчтарының халық арасындағы атауы. Аталған бәсекелестіктің бірнеше себептері бар, бұл әлемдегі екі ірі футбол клубтарының сайысы болса, екіншіден екі ірі этникалық орталықтың және Испаниядағы ең ірі екі қаланың арасындағы сайыс. Ел класико футболдағы ең қызық және ең ірі бәсеке болып саналады.


Тарихы

Реал мен Барселона арасындағы бәсекелестік Испаниядғы футбол лигасының пайда болған кезден басталады. Футбол командалары арасында болатын осындай бәсекелестіктерге қарағанда аталған екі клуб арасындағы бәсекенің тарихи, әлемуметті және саяси астары да бар.

Статистика

Басты мақала: Эль-Классико статистикасы

Ойындардың нәтижесі

ИЧИККЛСКЧЛБарлығыЖолдастық
Барселона64152428918
Тең ойындар316423469
Реал6910063884
Голдар
Барселона2566313171036078
Реал266598251337135

Қызықты деректер

  • Ел класико ойындарында қарсылас команданың қақпасына ең көп гол соққан Реалдың даңқты ойыншысы - Альфредо ди Стефано (18 гол), екінші орында Раул Гонсалес (15 гол), үшінші орында Лионель Месси (15 гол).
  • Ең ірі есеп 1943 жылы 13 маусым күні тіркелді. Реал Барселона қақпасына 11 гол соғып, қорытынды есеп 11:1.
  • 2012 жылы 29 тамыз күні өткен ел класико 221 рет өтті. Реал 88 рет жеңіске жетсе, Барселона 87 рет жеңген. 49 ойын тең аяқталған екен [1].

Дереккөздер