Еңкіш түйетікен

Еңкіш түйетікен[1] (лат. Carduus nutans) – астралылар тұқымдасының түйетікен туысына жататын өсімдік. Қазақстанда кездесетін 6 түрдің ішіндегі ең қарапайымы. Дала шабындықтарында, жайылымдарда, егістіктерде, жол бойларында, Маңғыстау облысынан басқа барлық облыстарында өседі. Көбінесе 2 жылдық, кейде көпжылдық. Сабағы 100 см, жай немесе бұтақталған, жапырағы тікенді, қанат тәрізді тілімделген, түкті және тікенді. Гүлшоғыры 6 см, себеттері еңкіш, сыртқы бөліктері еңкіш тікенді айыл жапырақтардан тұрады, қою күлгін. Ашық сұр түсті тұқымдарын ақ түсті түк қаптайды. Бұл парашютке ұқсайды. Осы арқылы тұқым желге таралады. Өсімдік барлық бөлімінде биологиялық белсенді заттар болғандықтан әртүрлі ауруларға ем: ісіктер, өкпе, асқазан және т.б. Бұл түрдің ұзақ гүлденуіне байланысты омарталық қасиеті мен хош иісі жоғары бағаланады.

Еңкіш түйетікен

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Asterids
Сабы:Asterales
Тұқымдасы:Asteraceae
Кіші тұқымдасы:Carduoideae
Тайпасы:Cynareae
Тегі:Carduus
Түрі:C. nutans
Екі-есімді атауы
Carduus nutans
L.
Carduus nutans

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм