Жасанды тілдер

Жасанды тілдер (ағылш. artificial language) — белгілі білім саласындағы формализация үшін (ғылымның символдық тілі), ақпаратты іздестіруде мәтінді өңдеу мен қысқарту үшін (автоматты тәржімалау, аудару), адамның ЭЕМ-на команда беруі үшін (бағдарлама тілдері), халықаралық қатынас үшін (Халықаралық Ж.т. Көмекші тіл) жасалған табиғи тілдің аналогі,[1] қолдан халықаралық қарым-қатынас құралын жасау әрекетінің нәтижелері.

Жасанды тілдер жасау 17 ғасырда латын тілінің халықаралық маңызы бәсеңдеуіне байланысты, әлем халықтарының қарым-қатынасын жеңілдету мақсатынан туды.Жасанды тілдердің ғылымда белгілі бірнеше түрі бар:

  • И.М. Шлейер жасаған волапюк (1879),
  • Луи де Бофрон жасаған идо (1907),
  • Э. де Вааль жасаған оксиденталь (1922),
  • О. Йесперсен жасаған новиаль (1928),
  • Марк Окранд жасаған клингон тілі (1984)[2]
  • Нью-Йоркте А. Гоуданың жетекшілік етуімен “Көмекші тілдердің халықаралық ассоциациясы” жасаған (1950) интерлингва, т.б.
  • Жасанды тілдердің ішінде көп тарап, кең қолдау тапқаны — 1887 жылы поляк дәрігері Л.Л. Заменгоф жасаған эсперанто тілі.

Жасанды тілдердің 200-ден астам түрлерінің жобасы жасалған. Бұлар әр түрлі тәсілмен жасалған: табиғи тілден сөз ала отырып, көбінесе, ойдан шығарылған сөздер пайдаланылған (волапюк, т.б.), интернационалдық лексика пайдаланылып жасалған (эсперанто). Жасанды тілдерде бірнеше оқулықтар мен сөздіктер жарық көрді.[3]

Дереккөздер