Жаңақала ауданы

Жаңақала ауданыБатыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1930 жылы құрылған, аумағы 20,8 мың шаршы км. Орталығы - Жаңақала ауылы.

Қазақстан ауданы
Жаңақала ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Батыс Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Жаңақала

Ауылдық округтер саны

9

Ауыл саны

22

Әкімі

Алпамыс Жаңабайұлы Көшкінбаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, №44

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°12′54″ с. е. 50°18′10″ ш. б. / 49.21500° с. е. 50.30278° ш. б. / 49.21500; 50.30278 (G) (O) (Я) 50°18′10″ ш. б. / 49.21500° с. е. 50.30278° ш. б. / 49.21500; 50.30278 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1930

Жер аумағы

20,8 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

21 653[1] адам (2023)

Тығыздығы

1,0 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (98,12%), татарлар (1,19%), орыстар (0,33%), басқалары (0,36%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

090400- 090412[3]

Автомобиль коды

07

Жаңақала ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Жаңақала ауданы

Облыс картасындағы Жаңақала ауданы

Географиялық орны

Батысында Бөкей Ордасы, солтүстігінде Казталов, шығысында Ақжайық ауданы, оңтүстігінде Атырау облысының Индер, Исатай, Құрманғазы аудандарымен шектеседі. Аудан аумағы Каспий маңы ойпатында орналасқан. Жердің беті негізінен тегіс, Каспий жағында оңтүстікке қарай болмашы төмендейді. Аумағы жер бедеріне қарай солтүстік, оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік бетте жер бедері негізінен тегіс, оңтүстік жағы құмды, құмайтты келеді. Көшпелі құмдардың ауданы көбіне 2 шаршы км дейінгі көлемді құрайды. Шағылдардың биіктігі шамамен 3-6 метр. Ірі өзендер: Қараөзен - ұзындығы 70 км, Сарыөзен - ұзындығы 60 км, Көшім - жалпы ұзындығы - 90 км, Мұқыр - ұзындығы 25 км. Топырағы ашық, сұрғылт топырақты, сортаң, сорлы, боз топырақты болып келеді. Өсімдіктер, негізінен бидайық, ақселеу, сүттеген араласқан сұрғылт жусан шөптерінен тұрады.

Шаруашылығы

Шаруашылықтардың негізгі бағыты - мал шаруашылығы. Аудан - мал шаруашылығы бағытындағы жартылай шөлейтті III ауыл шаруашылық аймағына жатады (облыстың оңтүстік бөлігі). Бұл аймақ азықтық-жемдік дақылдар, күздік қара бидай мен арпа өсіре отырып, топырақ қорғау жүйесімен айналысады. Көкөніс-бақша өнімдері ішкі қажеттілік және оларды базарларға өткізіп сату үшін өсіріледі. Етті ірі қара, етті-майлы қой тұқымдары, түйе, табынды жылқы шаруашылығы мал шаруашылығы өнімдерін өндірудегі басымды бағыттар болып табылады. Ауданда асыл тұқымды Еділбай қойының Бірліктік типі және Көшім тұқымдас асыл тұқымды жылқы малдары өсіріледі.[4]

Халқы

1939195919791989[5]19992009[6]2021
25364137551923721307235602350524029

Тұрғындар саны - 24 029 (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар - 98,03%, басқалары - 1,97%.

Ауылдық округтер

22 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлікОрталығыЕлді мекендеріХалқы (2021)
Бірлік ауылдық округіБірлік ауылы31488
Жаңажол ауылдық округіЖаңажол ауылы31326
Жаңақазан ауылдық округіЖаңақазан ауылы22156
Жаңақала ауылдық округіЖаңақала ауылы19325
Көпжасар ауылдық округіКөпжасар ауылы31748
Қызылоба ауылдық округіҚызылоба ауылы31636
Мәстексай ауылдық округіМәстексай ауылы21737
Меңдешев ауылдық округіҚырқопа ауылы1696
Пятимар ауылдық округіПятимар ауылы41389

Ірі елді мекендері

АтауыСтатусыХалқы (2021)
Жаңақалаауыл 9325
Жаңақазанауыл 1809
Көпжасарауыл 1597
Мәстексай (Ленинское)ауыл 1276
Қызылоба (Красногорское)ауыл 1249
Бірлікауыл 1183
Пятимарауыл 1051
Жаңажолауыл 824
Қырқопа (Кармановка)ауыл 696

Дереккөздер