Игорь Иванович Беланов

Игорь Иванович Беланов (укр. Ігор Іванович Бєланов; 25 қыркүйек 1960, Одесса, Украин КСР, КСРО) — КСРО және Украина футболшысы, шабуылшы.

Игорь Беланов Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Игорь Иванович Беланов

Лақап аттары

Скиппи[1][2]

Туған күні

25 қыркүйек 1960 (1960-09-25) (63 жас)

Туған жері

Одесса, Украин КСР, КСРО

Азаматтығы

КСРО КСРО, Украина Украина

Бойы

174

Салмағы

70

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
1976—1978КСРО Черноморец (Одесса)
Клуб карьерасы[* 1]
1979—1980КСРО СКА Одесса68 (16)
1981—1984КСРО Черноморец (Одесса)116 (26)
1985—1989КСРО Динамо (Киев)121 (39)
1989—1990Германия Боруссия (Мёнхенгладбах)26 (5)
1991—1994Германия Айнтрахт (Брауншвейг)67 (21)
1995—1996Украина Черноморец (Одесса)3 (1)
1996—1997Украина Металлург (Мариуполь)5 (4)
Ұлттық құрамы[* 2]
1983КСРО КСРО (олимп.)2 (0)
1985—1990 КСРО33 (8)

КСРО Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Карьерасы

Кәсіпқой карьерасын 1979 жылы әскери қызметін өтеп жүріп, КСРО екінші лигасындағы "СКА Одесса" клубында бастады. 1981 жылы Одессаның тағы бір клубы "Черноморецке" ауысып, бірден негізгі құрамда алаңға шыға бастады. 1984 жылғы маусымда 11 доп соғып, команданың чемпионаттағы үздік мергені атанды.

Келесі маусымда 1985 жылы Киевтің "Динамосына" ауысты. Осы жылы КСРО құрамасының бапкері Белановты құрамаға шақырды. Құрамадағы дебютін Мәскеуде Швейцариямен қарсы ойында өткізіп, маты бітуге 11 минут қалғанда алаңға шықты. Бұдан кейін Даниямен ойында да алаңға шықты, бұл кездесуде КСРО 2:4 есебімен ұтылып қалды. Осы ойында Беланов оншалық көзге түсе алмай, құрамаға Лобановский бапкер боп келгенше шақырылмады.

1986 жылғы әлем чемпионатына Беланов негізгі құрам ойыншысы ретінде барды да, жаттықтырушы Лобановскидің сенімін толық ақтады. Турнирде төрт гол соқты. 1/8 финалда Бельгиямен ойында хет-трик жасады (КСРО футболшылары арасындағы ӘЧ-да хет-трик жасаған жалғыз футболшы), бірақ бұл ойында КСРО 3:4 есебімен ұтылып қалды.

1986 жылғы маусым Беланов үшін сәтті болды, динамолықтар Кубок Иелері Кубогын ұтып алды, жыл соңында Беланов "Франс Футбол" журналының сауалнамасы бойынша Еупропаның үздік футболшысы атанды және "Алтын доп" жүлдесін де иеленді.

1988 жылы Беланов Еуропа чемпионатына да барды. Құрама турнирде өте жақсы ойнағанымен, финалда Нидерланд құрамасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл ойында Беланов пенальтиді соға алмады.

1989 жылы Германияның "Боруссия" клубына ауысты. Бір маусымнан соң тағы бір германиялық клуб — "Айнтрахт" (Брауншвейг) клубының қатарын толықтырды. Ол командада үш жыл ойнап, 1994 жылы "Черноморецке" қайта оралды.

1997 жылы "Металлург" (Мариуполь) клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

Командалық

«Динамо» (Киев)

  • КСРО чемпионы (2): 1985, 1986
  • КСРО кубогы (3): 1985, 1987, 1990
  • КСРО суперкубогы (2): 1986, 1987
  • Кубок иелері кубогы (1): 1986

«Черноморец»

  • Украина чемпионатының күміс жүлдегері (1): 1996

КСРО құрамасы

  • Еуропа чемпионатының финалисі: 1988

Жеке

  • «Алтын доп» иегері (France Football): 1986
  • Әлем чемпионатындағы «Күміс бутсы» иегері: 1986
  • Кубок иелері кубогының үздік мергені: 1986 (5 гол)
  • КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1986)

Дереккөздер

Сілтемелер