Иллювий

Иллювий (латынша: іlluvіes – шайылу, шайылма батпақ) – топырақтың беткі қабатынан (қара шірінді және элювийлік горизонт) жаңбыр және еріген қар суларымен шайылып, сілтісізденіп, одан төмен жатқан горизонтқа (иллювийлік) жиналған органикалық және минералдық заттар.

Иллювийлік горизонт деп, әдетте, топырақ бетінен бірнеше ондаған см тереңдікте жататын топырақ горизонтын айтады. Оған жоғарыда орналасқан горизонттардан шайылып келген гумус, карбонат, гипс, т.б. жиналады.[1] [2]

Дереккөздер