Карбонат
Көмір қышқылы - Н2С03 әлсіз, екі негізді, тұрақсыз қышқыл. Ол тек ерітіндіде ғана болады. Әлсіз электролит, диссоциациялану дәрежесі 0,17%.[1]
Алынуы:
- көмірқышқыл газын суда ерітіп
- тұзынан күшті қышқылмен әсер етіп:
Екі негізді болғандықтан сатылы диссоциацияланады:
- Н2С03↔ Н+ + НС03
- НС03- ↔ Н+ + С032-
Көмір қышқылы екі түрлі тұз түзеді, олар гидрокарбонаттар (NaHC03, Са(НС03)2) және карбонаттар деп аталады (СаС03, MgC03)
Химиялық қасиеттері:
Көмір қышқылы индикаторлар түсін өзгертеді, қышқылдарға[2]тән химиялық реакцияларға түседі, екі негізді қышқыл ретінде сілтілермен орта және қышқыл тұз түзіледі:
- Н2С03 + NaOH = NaHC03 + Н20
- Н2С03 + 2NaOH = Na2C03 + 2Н20
Карбонаттардың суда еритін тұздары екі сатыда гидролизденеді:
- : Na2C03 ↔ 2Na+ + С032-
- НОН ↔ Н+ + ОН-
- ----------------------------------
- CO32- + НОН ↔ НС03 + ОН-
- Na2C03 + НОН ↔ NaHC03 + NaOH
- NaHC03 ↔ Na+ + НС03-
- НОН ↔ Н+ + ОН-
- HC03 + НОН ↔ Н2С03+ ОН-
- ----------------------------------------
- NaHC03 + НОН → NaOH + Н20 + С02↑
Бұл тұз гидролизденгенде орта негіздік болады: С(ОН ) > C(H+).
Карбонат ионына сапалық реакция:
Na2C03+ Са(ОН)2 = СаС03↓ + 2NaOHСуда еритін карбонаттар әк сүтімен әрекеттесіп, ақ түсті тұнба береді.
Са2+ + С032- = СаС03↓
Қолданылуы:
- NaHC03 ас содасы - тамақ, шыны өндірісінде
- К2СО3 сақар - сабын алуда
- СаС03, MgC03 - құрылыс материалдары[3]
Таралуы
Жер қыртысының шамамен 1,7%-ын (массасы бойынша) құрайды. Ең көп таралған және жынысқұрушы минералдар қатарына жататындар — кальцит (СаС03) және доломит (СаС03.МgС03).
Бұлар әктастар және доломиттер деп аталатын шөгінді карбонатты тау жынысытарды құрайды. Аталған тау жынысытардан гөрі сирегірек ұшырасатын карбонатты тау жынысы өкілдері:
- анкерит — (Са,Ғе,Мg)СО3,
- сидерит — ҒеС03,
- магнезит — МgС03,
- родохрозит — МnС03. Карбонатты тау жынысытардың өзге түрлері мүлдем сирек ұшырасады.[4]