Империя дəуіріндегі Рим тарихы

Рим империясындағы оқиғалар мен адамдар

Империялық басқару жүйесінің орнауы

Мемлекетті басқарып отырған Гай Юлий Цезарь қаза тапқаннан кейін, елде билік үшін күрес басталды. Бұл күреске кезінде аты шыққан Цезарьдің туысы, əрі мұрагері, он сегіз жасар "Октавиан" да қатысты. Ол қарсыластарын елшілік жолмен жəне əскердің күшімен жеңіп отырды. Октавиан өзінің аса қауіпті қарсыласы Антони мен Клеопатраны жеңгеннен кейін, Римді жəне оның бүкіл иеліктерін дара басқара бастады. Елде дара басқарушыны 'император" деп атады. Оның императорлық билігі б.з.б. 27 жылдан басталып, б.з.-дың 14 жылына дейін созылды. Октавианның билік еткен кезінен бастап Римде имперялық дəуір басталған еді. Сенат Октавианды өзінің бірінші азаматы - "принцепс" деп жариялады. Ол сенатордың тізімінде бірінші тұрды. Сенат мəжілісінде кез-келген мəселе бойынша алғашқы болып өзінің пікірін айтатын болды. Октавиан елде азамат соғысының аяқталып, тыныштық орнағанын мəлімдеді. Ел арасындағы қауіп-қатер, ұрлық-зорлық атаулының бəрі тоқталды. Осымен байлагысты сенат оған Август (қасиетті деген мағынаны білдіреді) деген жанама есім берді.

Шет аймақтарда рим салтын қалыптастыру

Шет аймақтарда Рим өкіметі билігін нығайтуға б.з.-дың I ғасырындағы императорлар зор ықпал жасады. Олар аймақ ақсүйектерімен ымыраға келді. Галлдық шонжарлар сенатқа мүше бола алатын құқыққа қол жеткізді. Испания қалаларына латындық үрдісті енгізді, соның нəтижесінде сол қалалардың барлық магистраттары рим азаматтығына қабылданды. Рим салтын қалыптастыру қарапайым адамдардың да болашағына жол ашты. Міндетін атқарып, "құрметті демалысқа" шыққан жауынгер отбасымен рим азаматтығын, жер кесіндісін алды жəне салық төлеуден босатылды.

Шаруалық жəне əлеуметтік дағдарыстың басталуы

II ғасырда болған өзара жəне азаматтық соғыстар елдің шаруашылығын құлдыратты. Бұған қоса құлиеленушілік құрылыстың дамуы империяның күш-қуатын əлсіретіп, шаруашылықтың дағдарысқа ұшырауына əкеліп соқты. Көптеген шет аймақтардың гүлденіп өркендеуі тоқтап қалды. Олардың бір-бірімен байланысы үзілді.

Шаруалықтың негізі натуралды болды, ал өндіріс тұрпайы күйінде қала берді.

Римдегі құлиеленушілік өндіріс қүралдарының дамуын тежеді. Бұл ауыл шаруашылығының дағдарысқа ұшырауына əкелді. Құлдардың еңбегі құлиеленушілерге тиімсіз болды. Өйткені өз қожайындарын жек көретін қүлдар жұмысты өте нашар істеді. Өзі өңдеген жердің қаншама өнім беретіні немесе өзінің қанша кен өндіретіні құл үшін қажетсіз болды, өйткені құл мардымсыз ғана ас ішіп, қарапайым киім киетін. Жұмысты нашар істегені үшін қүлды жазалап, мойына ауыр бұғау кигізіп қойған, ондай құлдар одан əрі баяу қозғалып, жұмысы мүлде өнбеген.

Империяның екіге бөлінуі

Ішкі əлеуметтік-шаруашылық дағдарыс елдің басқару жүйесін əлсіретті.

Сол тұста имератор "Константин" б.з. 337 жылы қайтыс болып, оның мұрагерлерінің арасында билік үшін кескілескен күрес басталды. Қарт император Константин дүниеден өтерінде Рим империясын өзінің үш ұлы мен бауырларының екі баласына бөледі. Сол сəтте-ақ екінші ұлы əкесінің өсиетін аяққа таптап, империяның жаңа астанасы Константинопольді басып алады жəне екі немере інілерінің отбасын аяусыз қырып тастайды. Билік үшін күрес мұнымен бітпеді. Батыс аймақтарда (Британия, Галлия, Испания) билеу құзырына ие болған императордың үлкен ұлы өлген туыстарының иеліктерін бөлуде өзінің алданғанын сезеді. Сөйтіп, ол Италия мен Африканы билеп отырған император Константиннің кіші інісіне шабуыл жасап, ұрыста қаза болды. Бұл империяның екіге бөлінуінің бастамасы болды. [1]

Дереккөздер