Кейп-Йорк түбегі

Кейп-Йорк түбегі, Австралияның солтүстік-шығысында, Маржан (Коралл) теңізі мен Карпентария шығанағы аралығында орналасқан. Аумағы 300 мың км². Түбек солт-тен оңтүстікке қарай 600 км-ге созылған. Шығыс бөлігі таулы (ең биік жері 555 м), батысы – ойпатты. Кейп-Йорк түбегінде боксит (Уэйп кен орны) өндіріледі. Ландшафтысында эвкалипт (батысында) және ылғалды тропиктік орман өскен (шығысында). Бірнеше ұлттық саябақтар орналасқан. Қрі қаласы әрі порты – Порт-Стъюарт[1]

Дереккөздер:

.