Кескін

Кескін (изображение; display image pict (picture) — 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.

Кескін

Кескінді шешу

Кескінді шешу (разрешение изображения; permit of scene) — графикалық кескіннің аудан бірлігіндегі ақпарат мөлшерін аныктайтын параметр. Кескінді өңдеу бойынша мүмкіндіктер ауқымын анықтайды, әpi бірліктерінде өлшенеді. Ол кескіннің файлының мөлшері мен кескіннің физикалық мөлшерін байланыстыратын формулада пропорционалдық коэффициент болып саналады.

Кескіндерді айырып тану

Кескіндерді айырып тану (распознавание изображений; image recognition) — ақпарат кескіндермен немесе оптикалық сигналдармен ұсынылған жағдайда бейнелерді айырып тану.

Кескін аймағы

Кескін аймағы (область изображения; image area) — шағын баспа жүйе программасындағы беттің бөлігі. Кескін аймағы деп, әдетте, мәтін немесе суреттер орналасатын өрістер арасындағы кеңістікті айтады.

Кескін сегменті

Кескін сегменті (сегмент изображения; display (image) segment) — машиналық графикада — біртұтас бүтін ретінде шақыруға болатын кескіннің (графикалық примитивтердің) элементтер тобы. Ол жеке нүктелерден, кесінділерден немесе басқа элементтерден тұруы мүмкін.

Кескінді өзгерту

  • Кескіндерді өңдеу (обработка изображений; picture processing) — 1) адамдардың кескіңдерді көруін, қабылдауын жақсарту үшін дербес компьютердің аппаратгық программалық құралдарының көмегімен кескіндерді талдай отырып түрлендіру; 2) кескінді цифрлық формаға түрлендіру және оны келесі өндеу. Өндеу өзіне кескіннің ашықтығының өзгеруін, түсін, формасын және т.б. қамтиды.
  • Кескін масштабын өзгерту (изменение масштабы изображения; zooming) — экран терезесін немесе тандап алынған суреттің, графикалық бейненің масштабын өзгерту — үлкейту, кішірейту.
  • Кескіндерді қысуды басқару программасы (программа управления сжатием изображений; image compression manager) — сурет түріндегі кескіндерді қысудың немесе қалпына келтірудің әр түрлі әдісін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін программа (mpeg, jpeg).
  • Кескіндерді өңдеу тақшасы (плата для обработки изображений; image processing board) — экрандағы (теледидарлық) кескіндерді күрделі түрдегі өндеуден өткізетін баспа тақша.
  • Кескіннің түсін түзету (коррекция цвета изображения; image color matching) — түс туралы ақпаратты аппаратгық-тәуелсіз өндеуді жасақтайтын windows 95-тің жаңа ішкі жүйесі.
  • Кескінсалғыш (графопостроитель; plotter) — бейнесызбалық мәліметтерді (бейнесызба, құрылым, сызба түрінде берілген акпаратты) қағаз бетіне шығаруға арналған құрылғылар. Электрмеханикалық кескінсалғышты плоттер деп те атайды.

Кескіндердi енгізу құрылғысы

Кескіндердi енгізу құрылғысы (устройство ввода изображений; graphic digitizer) — растрлық матрица түрінде компьютерге екі өлшемді, мүмкін, жарты реңкті кескінді енгізуді жасақтайтын құрылғы.[1][2]

Ұқсас тақырыптар

Дереккөздер