Кочхуджан

Кочхуджа́н (кор. 고추장, ханча --醬) - корей асханасының қызыл бұрыш қосылған жабысқақ күріш пен ферменттелген соя бұршақтарынан жасалған пастасы. Қызыл бұрыш көп қосылатын болғандықтан, соя пастасының түсі қою қызыл болып келеді.

Тарихы

Кочхуджан Кореяда 18 ғасырда Жапониядан чили бұрышы әкелінгенде пайда бола бастады. Оны дайындау үшін күріш ұнтағы мен қызыл бұрышты араластырып, оған соя пастасын қосады. Бұл рецепт қазіргі кезге сай болғанымен, кочхуджанды үйде ешкім дайындамайды.

Ингредиенті

Соя бұршағына да тұз қосылады, кочхуджанға арпа, бидай, асқабақ, тәтті картоп, бал, қант қосылады.

Корей асханасында кочхуджанға ччигэ соусы, пулькоги, нэнмен, пибимпап қосылады.

Оның өзінен де астатым жасалынады, мысалы, чхокочхуджан, ссамджан.

Чхокочхуджан – кочхуджанға қосылатын астатым, сондай-ақ, хве тағамына да астатым ретінде қолданылады. Оған сірке суын, қантты, күнжіт тұқымын қосады. Ссамджан – кочхуджан мен жуа қосылған твенджанның қоспасы.

Пайдасы

Кочхуджан ақуыз, май, дәрумен В2, С, каротинге бай.

Дереккөздер

Орыс википедиясынан.