Кубалық социализм

Кубалық социализм

Куба жалауы

География

Темекі өндірісі

КубаҮлкен Антиль аралдарындағы көршілеріне қарағанда таулы жері аз арал. Мұнда қыраттар құрғақ жердің тек ширегін ғана алып жатыр. Оңтүстік Кубаны антиль аралдық доғасының басты таулы қыраты кесіп өтеді. Оның бұл бөлігі Сьерра-Маэстро деп аталады, Кубаның қалған көпшілік бөлігі ойпаттар. Куба өзендерінің айта қаларлықтай шаруашылық маңызы жоқ. Елдің ең ұзын өзені Кауто батыстан шығысқа қарай ағады. Ел аумағының 20%-ына жуығы қарағай мен қызыл ағаштардың ормандарымен жабылған. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің 80%-ына жуығында, жаңбыр суының қызыл құмдаққа әсер етуінен құралған қызыл топырақты құнарлы топырақ бар. Жерінің көпшілік бөлігі 4,6 млн бас ірі қара мал үшін жайылымдар мен егіс далалары. Ыстық маусымдық мол жауын-шашындары болатын климат пем құнарлы топырақтар күріш, кофе, цитрус өсімдіктері мен темекі, т.б. дақылдардың өсуіне қолайлы жағдайлар қалыптастырады. Алайда бір ғасырдан астам уақыт бойы Кубаның негізгі дақылы — қант құрағы болып қалып отыр. Куба қант өндіруден дүние жүзінде үшінші орынды алады.

Батыс жарты шарындағы жалғыз социалистік ел

Фидель Кастро

Куба — Батыс жарты шарындағы жалғыз социалистік ел. 1898 жылы Испаниядан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін, арал 1930 жылдарға дейін Американың күшті ықпалында қалып қойды. 1959 жылы өкімет басына Фидель Кастро келді. Ол әлі күнге дейін мемлекет басшысы болып қалып отыр. Кубаға Кеңестер Одағы жан-жақты демеу мен көмек көрсетті. Алайда АҚШ-пен қарым-қатынастары нашарлай түсті. 1962 жылы аралға АҚШ-пен тікелей жақын жерде кеңес зымырандарын орналастыру екі державаның арасында Кариб дағдарысы аталған дағдарысқа әкеп соқты. КСРО ыдырағаннан кейін Куба елеулі экономикалық қиындықтарды бастан кешіруде. Жағдайды никель кен орындарын кеңінен игеру мен туризмнің дамуы біршама түзеді.[1]

Куба картасы

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм