Туризм

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) — адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны — серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі — саяхат делінеді.

Париж, Эйфель. Франция әлемдегі ең көп турист қабылдайтын ел.

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді.

Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Дүниежүзілік туризм ұйымының болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.

Туристерді жағымды пікір ғана емес, қайта тұмса табиғат, тылсым құбылыс, ғажайыптар, тәуекелдер, бұрын-соңды болмаған жаңалықтар, басқа да оларды өз елдерінде бола бермейтін ерекше жағдай мен көңіл күйлер шақырады. Сондықтан туризмді дамыту үшін туристік өңір туралы романтикалық (бәлкім тылсым, бәлкім қорқыныш, бәлкім таңғажайып) түсініктердің қалыптасуына айырықша мән беру керек.

Алғышарты

Рюкзак туристер Венада

Туризм ол мәжбүрлілік емес. Жұмыс бабы да емес. Туысының алыс жердегі үйіне қыдырып, қонақ болып, не басқа бір себеппен (тойға, өлім-жітімге...) бару да емес. Ол бос уақыт шығарып, тек қызықтау мен көңіл ашуға, тамашалау мен дем алуға бола, жаңа нәрселерді көруге, басқаша тұрмысты сынақ етуге, тың сезімге бөленуге, қауіп-қатерді тәукел етуге, өзін басқаша сезінуге деген рухани талап пен талпыныстан туған алысқа аттану.

Дүниежүзілік туризм ұйымының белгілеуі бойынша әдетте әлдекім 88.5км (55 ағылшын милі) қашықтыққа барып, кем дегенде 24 сағат аялдаса онда ол турист есептеледі. Демек, мәлім бір туристтік аймақтан қысқа уақытта (24 сағаттан төмен уақытта) өту де әлдекімді турист етпейді. Туризмнің экономикалық маңызы зор болғанымен, қаражаты жеткілікті турист экономикалық мүддені көздемейді.

Әрине, туристердің бәрі де тек көңіл ашумен шектеледі деуге болмайды, турист өзінің туристік сапары барысында көптеген тың ойлар мен шешімдерге келеді, жаңа жоспар жасауы, батыл бекімге келуі мүмкін. Бірақ мұның бәрі оның алдағы істерінде көрініс табуға қалдырылады да, дәл сол уақыт, дәл сол жерде ол тек өзін еркін, ерікті, көңіл ашушы, сынақ етуші, қызықтаушы, денсаулығын қалпына келтіруші, ойын ойнаушы ғана болады.

Түрлері

Негізінен

Туризм негізінен үлкен екі түрге бөлінеді:

  • ішкі (ұлттық) туризм,
  • халықаралық (шетелдік) туризм

Мазмұнына қарай

Germany, Rostock, Mecklenburg
Сьерра-Леонедағы туризм өңірі
  • Демалыс туризмі
  • Экологиялық туризм: "экологиялық туризм" ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.
  • Оқу бітіру туризмі
  • Ойын-сауық туризмі
  • Спорт туризмі
  • Балалар туризмі
Әлемге әйгілі Мачу-Пикчу
  • Бал айы туризмі
  • Медициналық туризм
  • Секс-туризм
  • Емделу туризмі
  • Жиналыс туризмі: Жиналыс болардан бұрын және кейін жасалатын туризм шаралары.
  • Іскерлік туризмі: (business travel) сауда келісімі мен жиналысы мезгілдерінде жасалатын туризм шаралары.
  • Діни туризм
  • Мәдени туризм: туристке мәдени мұралар мен тарихи орындар туралы мол білім беретін туризм саласы. Ол тарихи шындықтарды соған қызығатын адамзат баласына таптіштеп түсіндіріп, сол арқылы мәдени мұраларды қорғау мен тарқатуға, танытуға тырысады.
  • Ғылыми тексеру туризмі
  • Қонақ туризмі: бір жақтың шақыруымен және оның жатын орын, басқа да қажеттіліктерді әзірлеуімен қалыптасатын туризм.
  • Соғыс туризмі
  • Топтық мәдени туризм: жәрмеңке, конгресс, мереке...

Орнына қарай

Турист

Қатерлі туризм — тауға шығу, шыңға шығу, жартасқа жармасу, шөл даланы кесіп өту, жаяу сапарлау, велосипедпен (немесе басқа қатынас құралымен) аралау, иен далаға қаңғыру, көлдің, теңіздің астына сүңгуі секілділер. Онда ерікті түрде тәуекел жасап, қауіп-қатерді жеңу, тұмса табиғаттың ішіне ену арқылы ерік-жігерін шынықтырып, рахат алу.

Көкке шығу - жұмыстастар, не басқа да жақындар белгілі бір уақытта (көктемде, күзде, қыста, жазда...) жиналып, тым алыс емес қашықтыққа барып тамашалап, тамақ ішіп, көңіл ашып, қайтуы.

Шетелге туристік сапар - Өз елінен кез келген басқа бір елге туристік мақсатта баруы.

Шетелдіктер туризмі - басқа елдің туристері өз еліне, өз жеріне келуі.

Өңірлік, аймақтық туризм - Бір ел туристерінің өз елінің мәлім жеріндегі туристік аймақтарына, өңірлеріне баруы. Мысалы, Қазақстанның түкпір-түкпірінен Астанаға, Бурабайға туристік сапармен барып, көңіл ашып, демалып қайтуы.

Бұдан басқа

Бұлардан басқа туризмді мезгілдік (қысқы, жазғы, ...), мерекелік түрлерге бөлуге болады.

Маңызы

Аргентина, Перито Морено, Патагония

Туризм:

  1. халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, шығармашылығына қайта шабыт беру, түсіңкі көңілін көтеріп, өмірге құштарлығын арттыру үшін істелген іс, т.б.) қанағаттандырады.
  2. ол мол кіріс кіргізеді. Қазіргі кезде пайдалы қазбалар қоры жоқ көптеген мемлекеттер туризмді дамыту арқылы үлкен пайдаға кенеліп отыр.
  3. ол рухани-мәдени дамуға, өнер мен ғылым-техникаға серпін беріп, инновацияға орай жаратады.
  4. адамаралық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, интеграцияны тездетеді.
  5. сол жер, сол халық, сол елді өзге ел мен халыққа танытып, шынайы жарнама жасайды.[1]

Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар шамамен 9 тонна тас көмір, немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. . Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының қүйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.[2]

Қазақстанның туризмдік әлеуеті

Толық мақаласы: Қазақстандағы туризм
Бурабай көлі

Туризм саласы Қазақстанда әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Бірақ Қазақстанда туризм дамуының болашағы жарқын. Себебі:

— еліміздің қолайлы геосаяси жағдайы. Батыс пен Шығыс аралығындағы халықаралық туристік және коммерциялық ағымдардың өсуі;

— саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформаның өтуі және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен ашықтығы;

— еліміздің тарихи- мәдениет мұрасының ерекшелігі;

— мұсылман, христиан, будда ескерткіштерінің болуы;

-Қазақстанның көп мәдениеттілігі, музей, мәдениет ошақтарының, фольклорлы- этнографиялық және ұлттық кәсіпқой өнерпаздардың көп болуы;-Туристік- рекреациялық аймақтардың болуы, табиғи ландшафтар, өсімдік, жануарлар дүниесінің ерекшелігі, экзотикалық тур, балық аулау, аң аулау, өсімдіктер жинау т.б.;

— бос еңбек ресурстарының болуы (мамандар).

Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:

  • Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;
  • Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
  • Қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;
  • Жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;
  • Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;
  • Рыноктың жаңа сегментерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;
  • Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен обьектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;
  • Ғылыми негізделген өткізу элеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;
  • Жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін камтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және базалық тэсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;
  • Ұлттық, туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттык технологияларын пайдалану;.
  • Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.

Туризмі дамыған елдер

2014 жылғы есептеулер бойынша, Франция әлемдегі ең көп турист қабылдайтын ел болса, АҚШ әлемдегі туризмнен ең көп кіріс кіргізетін ел, Ал, Қытай әлемдегі туризмге ең көп қаржы құйған ел.

2014 World’s Top 10 Tourism Destinations

2014 жылы 1.133 миллиард халықаралық турист кең дүниені шарлаған екен. Ол 2013 жылға салыстырғанда 4.3% артыпты. 2013 жылы бұл сан 1.087 миллиардты көрсеткен болатын.[3] Халықаралық туризмнің 2014 жылғы 10 көзеулі елі:[3][4]

Туризмі дамыған он ел

РетіМемлекетUNWTO
Макроаймақтар[5]
Халықаралық
турист
келді
(2014)[3]
Халықаралық
турист
келді
(2013)[3]
Өзгеріс
(2013 to
2014)
(%)
Өзгеріс
(2012 to
2013)
(%)
1  ФранцияЕуропа83.7 million83.6 million 0.1 2.0
2  АҚШСолтүстік Америка74.8 million70.0 million 6.8 5.0
3  ИспанияЕуропа65.0 million60.7 million 7.1 5.6
4  ҚытайАзия55.6 million55.05 million 0.1 3.5
5  ИталияЕуропа48.6 million47.7 million 1.8 2.9
6  ТүркияЕуропа39.8 million37.8 million 5.3 5.9
7  ГерманияЕуропа33.0 million31.5 million 4.6 3.7
8  ҰлыбританияЕуропа32.6 million31.1 million 5.0 6.1
9  РесейЕуропа29.8 million28.4 million 5.3 10.2
10  МексикаСолтүстік Америка29.1 million24.2 million 20.5 3.2

Халықаралық туризм кірісі

Халықаралық туризмнен түсетін кіріс 2014 жылы US$1,2 триллионға артты. Ол 2013 жылға салыстырғанда 3.7% көп.[6]

Дүниежүзілік туризм ұйымының есептеуі бойынша 2014 жылы туризмнен ең көп кіріс кіргізген елдер төмендегідей:

РетіМемлекет/өңірUNWTO
Макроаймақтар
[7]
Халықаралық
туризм
кірісі
(2014)[3]
Халықаралық
туризм
кірісі
(2013)[8]
Өзгеріс
(2013 to
2014)
(%)
Өзгеріс
(2012 to
2013)
(%)
1  АҚШСолтүстік Америка$177.2 миллиард$172.9 миллиард 2.5 7.0
2  ИспанияЕуропа$65.2 миллиард$62.6 миллиард 4.2 7.6
3  ҚытайАзия$56.9 миллиард$51.7 миллиард 10.2 3.3
4  ФранцияЕуропа$55.4 миллиард$56.7 миллиард 2.3 5.6
 МакаоАзия$50.8 миллиард$51.8 миллиард 1.9 18.1
5  ИталияЕуропа$45.5 миллиард$43.9 миллиард 3.7 6.6
6  ҰлыбританияЕуропа$45.3 миллиард$41.0 миллиард 10.3 12.1
7  ГерманияЕуропа$43.3 миллиард$41.3 миллиард 5.0 8.2
8  ТайландАзия$38.4 миллиард$41.8 миллиард 8.0 23.4
 ГонконгАзия$38.4 миллиард$38.9 миллиард 1.4 17.7
9  АустралияОкеания$32.0 миллиард$31.2 миллиард 1.8 0.5
10  ТүркияЕуропа$29.5 миллиард$27.9 миллиард 3.7 4.1

Халықаралық туризм қаражаты

Дүниежүзілік туризм ұйымы есептеуі бойынша төмендегі елдер 2014 жылы туризмге ең көп қаражат салған екен:

РетіМемлекетUNWTO
Макроаймақтар
[5]
Халықаралық
туризм
қаражаты
(2014)[3]
Халықаралық
туризм
қаражаты
(2013)[8]
Базар
Share
(%)
Өзгеріс
(2013 to
2014)
(%)
1  ҚытайАзия$164.9 billion$128.6 billion13.2 27.1
2  АҚШСолтүстік Америка$110.8 billion$104.1 billion8.9 6.4
3  ГерманияЕуропа$92.2 billion$91.4 billion7.4 0.9
4  ҰлыбританияЕуропа$57.6 billion$52.7 billion4.6 3.8
5  РесейЕуолпа$50.4 billion$53.5 billion4.0 13.7
6  ФранцияЕуропа$47.8 billion$42.9 billion3.8 11.3
7  КанадаСолтүстік Америка$33.8 billion$35.2 billion2.7 3.3
8  ИталияЕуропа$28.8 billion$27.0 billion2.3 6.9
9  АустралияОкеания$26.3 billion$28.6 billion2.1 1.7
10  БразилияСолтүстік Америка$25.6 billion$25.0 billion2.1 11.7

MasterCard әлемдегі туристік қалалар индексі

Әуе тасымалын негіз еткенде MasterCard әлемдегі туристік қалалар индексі бойынша төмендегі қалалар 2015 жылы халықаралық туристердің көздеулі қаласы болыпты:[9]

РетіҚалаМемлекетХалықаралық
туристер барған[9]
1Лондон  Ұлыбритания18.82 million
2Бангкок  Тайланд18.24 million
3Париж  Франция16.06 million
4Дубай  БАӘ14.26 million
5Ыстамбұл  Түркия12.56 million
6Нью-Йорк  АҚШ12.27 million
7Сингапур  Сингапур11.88 million
8Куала-Лумпур  Малайзия11.12 million
9Сеул  Корея Республикасы10.35 million
10Гонконг  Қытай8.66 million

MasterCard төмендегі қалаларды халықаралық туризмнен 2015 жылы ең көп пайда тапқан елдер деп есептейді.[9]

РетіҚалаМемлекетХалықаралық
туристер төлеген[9]
1Лондон  Ұлыбритания$20.2 billion
2Нью-Йорк  АҚШ$17.3 billion
3Париж  Франция$16.6 billion
4Сеул  Корея Республикасы$15.2 billion
5Сингапур  Сингапур$14.6 billion
6Барселона  Испания$13.8 billion
7Бангкок  Тайланд$12.3 billion
8Куала-Лумпур  Малайзия$12.0 billion
9Дубай  БАӘ$11.6 billion
10Ыстамбұл  Түркия$9.3 billion

Euromonitor International бойынша көзеулі он қала

Euromonitor International бұл рейтингіні 2015 жылы қаңтардағы ең көп туристер қабылдаған 10 қалаға негізделіп жасаған:[10][11]

РетіҚалаМемлекетХалықаралық
туристер барған[12]
1Гонконг  Гонконг25.58 million
2Сингапур  Сингапур22.45 million
3Бангкок  Тайланд17.46 million
4Лондон  Ұлыбритания16.78 million
5Париж  Франция15.20 million
6Макао  Қытай14.26 million
7Нью-Йорк  АҚШ11.85 million
8Шэньчжэнь  Қытай11.70 million
9Куала-Лумпур  Малайзия11.18 million
10Анталия  Түркия11.12 million

Дереккөздер

Тағы қараңыз