Көкендер Тұқымдасы

Көкендер тұқымдасы (Thymelaeceae) – қос жарнақты бір немесе көп жылдық шөп тектес өсімдіктер. Сирек те болса ағаш, бұта түрінде кездеседі. Жер шарында кең тараған (тек полярлық аймақтарда кездеспейді). Көкендер Тұқымдасының 50 туысы, 750-дей түрі бар. Қазақстанда 5 туысы (көкен, қасқыржидек, дияртрон, таушешек, борсақ), 10 түрі өседі. Жапырақтары кезектесе немесе қарама-қарсы орналасқан, жапырақ жиектері тегіс. Гүлдері қосжынысты, даражыныстысы сирек тараған. Гүлсерігі қарапайым, әр түрлі пішінді. Аталығы 8 – 10, кейде 2 – 3, гүл аналығы – біреу, жатыны бір ұялы болады. Аналық мойны қарапайым, ұзынша немесе қысқа болып келеді. Аналық аузы домалақ, созыңқы. Жемісі – жаңғақша, немесе сүйек-жеміс. Республика жеріне кең тарағаны – көкен туысы (Thymelea). Бұлар – тасты, тастақты, құмды, қызыл балшықты жерлерде, сортаңды шалғындықтарда, егістіктерде өсетін біржылдық шөптер. Биікт. 12 – 110 см, сабағы жіңішке, жапырақтары ұзын, үшкір (5 – 15 см). Гүлдері ұсақ (1,5 – 3 мм), жеке немесе екеуден жапырақ қолтығына орналасқан. Гүл сағағы өте қысқа, шоғырлана орналасқан ақ түктері бар. Гүлсерігі құмыра тәрізді, жасыл-сары, сырты қалың түкті. Аталығы 4 – 6, кейде 2 – 8. Жатыны жалаң, жаңғақшасы алмұрт пішінді. Маусым – қыркүйекте гүлдейді. Көкендер Тұқымдасының кейбір түрлері – Алтай қасқыржидегі, усойқы (Daphne altaіca), Алтай таушешегі (Stelleropsіs altaіca) және Тарбағатай таушешегі (Stelleropsіs tarbagataіca) қорғауға алынып Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Сәндік, дәрілік өсімдіктер.

Көкендер тұқымдасы
Daphne tangutica
Daphne tangutica
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
Сабы:Malvales
Тұқымдасы:Thymelaeaceae
Тектері

See text

Дереккөздер

Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том