Ландшафт генезисі

Ландшафт генезисі - ландшафтының пайда болуына және оның казіргі кездегі динамикалык күйіне себепші процестер жиынтығы. Адам қоғамы баталғанға дейін ландшафтыларға айтарлықтай дәрежеде солярлық (климаттык) факторлармен бірге теллурлық (негізінен, Жердің пішіні), тектоникалык және биологиялық факторлар әсер етті. Бұл тұжырым ландшафтының зоналық-белдеулік (тундра, экватор және т.б.), биогендік, гидрогендік, орогендік (жазық, тау, аңғар және т.б.) деп аталатын типтерінің атауынан көрініс табады, мұнда бірінші немесе екінші фактор жетекші фактор болады.

A.
"Альпі тауындағы ландшафт"

Ландшафт деградациясы

Ландшафт деградациясы (нашарлауы) - ландшафт құрылымының түгелдей бұзылып, қайтып қалпына келмейтіндей болып өзгеруі. Ландшафт деградациясы көбінесе адамдардың ретсіз қарекетінің салдарынан болады.

Ландшафт инверсиясы

Ландшафт инверсиясы — ландшафтылардың биіктік белдеулердің заңдылығына сәйкес келмейтін биіктік бойынша бөлінуі. Температураның, жауын-шашынның инверсиялары мен су режімінің жергілікті өзгерістеріне байланысты туындайды. Ландшафт инверсиясы жағдайында беткей бойынша биіктегенде жылусүйгіш ландшафт калыптасады. Ландшафт инверсиясы әсіресе тау ішкі және тау аралық қазаншұңқырлары бар таулы аудандарға тән.

Ландшафт құрамбөліктері

Ландшафт құрамбөліктері - географиялық қабықтың жеке сфераларының: литосфераның, гидросфераның, атмосфераның, биосфераның қалдықтарынан тұратын ландшафтының негізгі құрылымдық бөліктері. Ландшафт құрамбөліктері табиғи және антропогендік құрамбөліктер деп бөлінеді. Табиғи ландшафт құрамбөліктері не тау жыныстары, ауа, жер асты және жер беті сулары, топырақ және т.б., ал антропогендік ландшафт құрамбөліктеріне егілген ағаштар, бөгендер және т.б. жатады.

Ландшафт морфологиясы

Ландшафт морфологиясы - географиялық ландшафтылардың морфологиялық құрылысын, яғни ландшафт ішіндегі морфологиялық бөліктерінің — фацияларының, қоныстарының және жерлерінің өзара орналасуын, олардың генетикалық және динамикалық арақатынастарын зерттейтін ландшафттанудың бөлімі.

Ландшафт түзуші факторлар

Ландшафт түзуші факторлар - ландшафтының ең маңызды қасиеттерін калыптастыратын факторлар. Ландшафт түзуші факторларды сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы факторларына ғарыштық, геодинамикалық факторлар жатады, ішкі факторлары ландшафтыға енетін жеке құрамбөліктері мен төменгі таксондық дәрежедегі табиғат кешендерінің өзара әрекеттері процестерінде байқалады. Барлық ландшафт түзуші факторларды зоналық (климат, топырақ, өсімдік және т.б.) және бейзоналық (бедер, геологиялык кұрылысы) факторлар деп бөледі.[1]

Дереккөздер


🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм