Лати (халық)

Лати (кутэ, тхо, ден, са, и пи, и то)[1]Вьетнам аумағында тұратын, жалпы саны 6 мың адамнан тұратын халық.

кутэ, тхо ден, са, и пи, и то
Лати
Бүкіл халықтың саны

6 000

Ең көп таралған аймақтар

 Вьетнам

Тілдері

лати тілі

Діні

дәстүрлі сенім

Тілі

Олар кадай тілдерінің бір бөлімі лати тілінде сөйлейді.[2]

Діні

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенім.[3]

Кәсібі

Негізгі кәсібі – суармалы егістік және қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, жүгері, мақта, индиго). Қолөнердің ішінде тоқыма тоқу және ауылшаруашылық құрал-саймандарын жасау дамыған.[4]

Өмір салты

Әлеуметтік ұйымның негізгі формасы – көршілік қауымы. Отбасы шағын, неке патрилокальды, туыстық есеп рулық. Сороратқа (апалы-сіңілілерге үйленуге) рұқсат етіледі.

Лати қоныстары шашыраңқы (әдетте тау етегінде) орналасқан. Тұрғын үйлері қадаларға, бір бөлігі жерде орналасқан, төртбұрышты, шатырлы.

Ер адамдар сол жағында түймелері бар халат пен шалбар, әйелдер шалбар, түрлі — түсті кең белдікпен байланған халат және бай оюланған көкірекше киеді.

Дәстүрлі тағамдары – күріш, көкөністер.[4]

Дереккөздер