Ла-Ла Ленд

«Ла-Ла Ленд» (ағылш. La La Land) — Дэмьен Шазелл түсірген америкалық трагикомедия жанрындағы мюзикл фильмі. Лентаның әлемдік премьерасы 2016 жылдың 31 тамыз күні Венециан халықаралық кинофестивальінде[1] өткізіліп, сол фестивальдің ашылу фильмі ретінде көрсетілді, ал Қазақстандағы премьерасы — 2017 жылдың 12 қаңтар күні. Фильм Лос-Анджелестегі жас актрисаға ғашық болған джаз пианошы туралы баяндайды.

Ла-Ла Ленд
La La Land
Фильмнің постері
Жанры

мюзикл
трагикомедия

Режиссёрі

Дэмьен Шазелл

Продюсері

Фред Бергер
Гэри Гилберт
Джордан Хоровиц
Марк Платт

Сценарийдің авторы

Дэмьен Шазелл

Басты рөлдерде

Райан Гослинг
Эмма Стоун

Операторы

Лайнус Сандгрен

Композиторы

Джастин Гурвиц

Кинокомпания

Black Label Media
Gilbert Films
Impostor Pictures
Marc Platt Productions
Lionsgate (прокат)

Ұзақтығы

128 мин.

Бюджеті

30 млн $

Кассалық түсімі

69 456 587 $

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын

Шыққан жылы

2016

http://www.lalaland.movie

Фильмнің слоганы — «Ержүрек арманшылдарға арналады…» (ағылш. Here's to the fools who dream)

Шығарылым

«Ла-Ла Ленд» туралы 2014 жылдың 5 маусымында фильмнің бас рөлдеріне Майлз Теллер және Эмма Стоун қарастырылған кезінде белгілі болды, бірақ көп кешікпей әртістің екеуі де жобадан кетті.[2] 2015 жылдың 30 сәуірінде олардың орнына Райан Гослинг және Эмма Стоун келді.

Түсірілім

Фильмнің түсірілімі 2015 жылдың 10 тамыз күні Лос-Анджелесте басталды.[3]

Рөлдерде

  • Райан Гослинг — Себастьян
  • Эмма Стоун — Миа Долан
  • Джонатан Симмонс — Босс
  • Финн Виттрок — Грег
  • Розмари Девитт — Себастьянның апасы
  • Джон Ледженд — Кит
  • Джейсон Фукс — Карло
  • Джессика Рот — Алексис
  • Соноя Мидзуно — Кейтлин
  • Калли Эрнандес — Трейси
  • Джош Пенс — Джош

Музыка

Фильмге арнлаған өлеңдерді және музыканы Дэмьен Шазеллдің Гарвард университетіндегі курстасы Джастин Гурвиц жазып оркестрлеген.[4] Өлеңдер мәтінін "Start a Fire" (авторлары: Джон Ледженд, Гурвиц, Мариус де Фриз және Анжелика Синелу) өлеңінен басқа Бендж Пасек және Джастин Пол жазған.[5]

Саундтрек

  1. Фильм актерлері – Another Day of Sun – 3:48
  2. Эмма Стоун, Калли Эрнандес, Соноя Мидзуно және Джессика Рот – Someone in the Crowd – 4:19
  3. Джастин Гурвиц – Mia and Sebastian's Theme – 1:37
  4. Райан Гослинг және Эмма Стоун – A Lovely Night – 3:56
  5. Джастин Гурвиц – Herman's Habit – 1:51
  6. Райан Гослинг – City of Stars – 1:51
  7. Джастин Гурвиц – Planetarium – 4:17
  8. Джастин Гурвиц – Summer Montage/Madeline – 2:04
  9. Райан Гослинг және Эмма Стоун – City of Stars – 2:29
  10. Джон Ледженд – Start a Fire – 3:12
  11. Джастин Гурвиц – Engagement Party – 1:27
  12. Эмма Стоун – Audition (The Fools Who Dream) – 3:48
  13. Джастин Гурвиц – Epilogue – 7:39
  14. Джастин Гурвиц – The End – 0:46
  15. Джастин Гурвиц – City of Stars (Humming) (Эмма Стоунмен бірге) – 2:43

Дереккөздер