Ли Бай

Ли Бай (немесе Елдібай, Ілебай; қытайша: ; пінин: Lǐ Bái / Lǐ Bó) (701—762) — Қытайдың ұлы ақыны. Ол өз өмірінде тоғыз мың шумақ өлең жазған, «жыр періштесі» деген атаққа ие болған.

Ли Бай
李白

Li Bai Chanting a Poem, by Liang K'ai (1140–1210)
Туған күні

701

Туған жері

Қытай, Сұяб

Қайтыс болған күні

762

Қайтыс болған жері

Қытай, Дан Ту

Ұлты

Қытай

Мансабы

Ақын

Шығармашылық жылдары

Таң дәуірі

Жанры

Поэзия

Шығармалардың тілі

қытайша

Ли Байдың туған жері туралы талас коп, бірақ Қытайдың деректері бойынша Сұяб[1] қаласында туған, Сұябты қытайлар Шу өзені бойында болғаны үшін Шуйе деп атаған.

5 жасынан әкесіне ілесіп Қытайға келген Ли Бай ақындық өмірін Қытайда өткізді, тірісінде ат мініп, ел аралап, шарап ішуді ұнатар еді.

Ақыры Янцзы өзенінде қайықта мас болып, судағы айдың сәулесін құшамын деп суға ғарық болып өледі.

Өлеңдері

Сағыныш
床前明月光Ай нұры түскен төсегім
疑是地上霜Боз қырау болып көрінді .
举头望明月Аспанда айға қарадым,
低头思故乡Еңкейдім, ойлап елімді.
Мұң
美人卷珠帘,深坐颦蛾眉Қатыңқы қабақ сол сұлу, пердесін баяу қайырды,
但见泪痕湿,不知心恨谁Көңілде мұң көзде жас, білмеймін неге қайғырды?

Дереккөздер