Манам-Чао-Прая

Манам-Чао-Прая (тай. แม่น้ำเจ้าพระยา) — Менам - Үнді Қытай түбегіндегі ең үлкен өзен. Ұзындығы 1200 км (негізгі саласы Пинг өзенімен 1500км), алабының ауданы 150 мың км². Кхунтхан жотасы мен Фипаннам тау қыратынан басталып, Менам ойпаты үстімен ағып, Оңтүстік Қытай теңізіің Сиам шығанағына ке атырау жасай құяды (өзен суымен келетін тасқындардың мөлшерінің көптігі жылына теңізге қарай 30-60 см жылжуда). Жаңбыр суымен қоректенеді, режимі муссондық. Май Мамыр айынан Қарашаға дейін мол сулы (деңгейінің төмен түсетін кезеңі Сәуір айы). Орташа су шығыны төменгі ағысында 2700 м3/сек. Кең көлемде егін суғарылады (негізінен күріш егісі). Ағаш отырғызу, балық аулау кәсібі дамыған. 400 км - ге дейін кеме жүзеді. Атырауында Бангок, Аюттхан қалалары бар.[1]

Манам-Чао-Прая
แม่น้ำเจ้าพระยา
Сипаттамасы
Ұзындығы1200 км
Су алабының
ауданы
15000 км²
Су ағысы
БастауыКхунтхан жотасы және Финаннам тау қыраты
Сағасы
 • Биіктігі0 м
Орналасуы
ЕлТаиланд

Дереккөздер