Марк Кукурелья

Марк Кукурелья[1] Сасета (ис. Marc Cucurella Saseta; 1998 жылы 22 шілдеде туған[2], Алелья) — испаниялық футболшы, "Челси" клубы мен Испания құрамасының қорғаушысы. 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Марк Кукурелья Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Марк Кукурелья Сасета

Туған күні

22 шілде 1998 (1998-07-22) (25 жас)

Туған жері

Алелья, Испания

Азаматтығы

 Испания

Бойы

172 см

Салмағы

68 кг

Позиция

сол жақ қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Челси

Номері

3

Жастар клубы
2006—2012Испания Эспаньол
2012—2017Испания Барселона
Клуб карьерасы[* 1]
2016—2018Испания Барселона Б48 (1)
2018—2020Испания Барселона0 (0)
2018—2019  Испания Эйбар31 (1)
2019—2020  Испания Хетафе37 (1)
2020—2021Испания Хетафе38 (3)
2021—2022Англия Брайтон энд Хоув Альбион35 (1)
2022—Англия Челси34 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2014Испания Испания U163 (0)
2014—2015Испания Испания U1716 (2)
2016Испания Испания U182 (0)
2016—2017Испания Испания U196 (0)
2019—2021Испания Испания U2110 (1)
2020— Испания1 (0)
Марапаттары мен медальдары
Олимпиада ойындары
КүмісТокио 2020

Клубтық мансап

2012 жылға дейін "Эспаньол" жүйесінде тәрбиеленді, содан кейін әйгілі Барселона академиясы Ла Масияға қосылды. Онда ол 2017 жылға дейін өнер көрсетті. 2016/17 маусымда "Барселона Б" командасы үшін дебют жасады. Оның дебюттік маусымында ол он бір ойын өткізді. 2017/18 маусымында Барселонаның негізгі құрамасының жаттығулары мен ойындарына шақырыла бастады. Ол 2017/18 жылғы Чемпиондар Лигасына жолдама алды[3]. Оның "Барселона" үшін дебюті 2017 жылдың 24 қазанында Испания Кубогының "Реал Мурсия" клубына қарсы ойында өтті.

2018/19 маусымын "Эйбарда" бастады, ол үшін 31 ойын өткізіп, бір гол соқты[4].

Халықаралық мансап

Кукурелья Испанияның жастар деңгейінде ойнады. 17 жасқа дейінгі Испания жасөспірімдер құрамасы сапында 2015 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. Турнир бойы өз құрамасының негізгі сол жақ қорғаушысы болды. Аустрияға қарсы бірінші тур матчында сары қағаз алды[5]. Испания осы турнирде ширек финалға дейін жетті.

Жетістіктері

Командалық

Барселона Б
  • Сегунда Б жеңімпазы: 2016/17

Дереккөздер

Сілтемелер