2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары

XXXII Олимпиада ойындары (ағылш. Games of the XXXII Olympiad, фр. Jeux de la XXXIIe Olympiade, жиі қолданылатын атауы жазғы Олимпиада ойындары 2020 (ағылш. 2020 Summer Olympics, фр. Jeux Olympiques d'été de 2020) — Жапонияның Токио қаласында 2021 жылдың 23 шілде мен 8 тамыз күндері аралығанда өткізіледі[1].

XXXII жазғы Олимпиада ойындары

2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ресми логотипі.
Ұйымдастырушы қала

Токио,  Жапония

Ашылу салтанаты

23 шілде 2021 жыл

Жабылу салтанаты

8 тамыз 2021 жыл

Стадион

Жаңа ұлттық стадион

2020 жылғы Олимпиаданың Токиода өткізілетіні 2013 жылы 7 қыркүйекте Буэнос-Айрестегі конгресте мәлім болды. Токио дауыстар саны бойынша Мадрид пен Ыстанбұлды артта қалдырды.

Олимпиада әу баста 2020 жылы жазда өткізілетін болған. Алайда әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясының кесірінен 2020 жылы өткізілген жоқ. 2021 жылғы 20 наурызда ХОК шешімі бойынша ойындар 2021 жылы шілде-тамыз айларында өткізілетін болды, және көрерменсіз өтетіні белгілі болды. Сатылған барша билеттер қайтарылды. Ашылу салтанатына тек 950 VIP-көрермендер ғана кіргізілді.

Ойындарға 206 елден 12500 спортшы қатысып, 339 түрлі медалдарды сарапқа салды.

Олимпиада нысандары

Жапонияның ұлттық стадионы
Ниппон Будокан
Ариакэ гимнастика орталығы
Токио 23 аудан
  • Жапония Ұлттық стадионы — ашылу және жабылу салтанаты, жеңіл атлетика, футбол, регби-7
  • Токио спорт сарайы — Үстел теннисі
  • Ёёги ұлттық стадионы — гандбол
  • Ниппон Будокан — карате, дзюдо
  • Парк Мусасинономори — велоспорт
  • Токио халықаралық форумы — ауыр атлетика
Сумида
  • Рёгоку Кокугикан — бокс
Олимпиада саябағы
Одайба
  • Ариакэ Арена — волейбол
  • Ариакэ — велоспорт (BMX), скейтбординг
  • Изу Велодромы — велоспорт
  • Ариакэ гимнастика орталығы — спорттық гимнастика, көркем гимнастика, батуттан секіру
  • Ариакэ теннис саябағы — теннис
  • Одайба теңіз саябағы — триатлон, жүзу
  • Сиокадзэ Парк — жағажай волейболы
  • Tokyo Big Sight Hall A — күрес
  • Tokyo Big Sight Hall B — фехтование, тхэквондо
Канагава
  • Йокогама — футбол
  • Эносима — желкенді спорт
Сайтама
  • Асака, Асака — нысана көздеу, садақ ату
  • Сайтама 2002 — футбол
  • Касумигасэки — гольф
Тохоку
  • Стадион Мияги, Мияги — футбол
Хоккайдо
  • Саппоро Доум, Саппоро — футбол

Спорт түрлері

Күнтізбе

Шілде/тамыз212223242526272829303112345678Медальдар
Ашылу және жабылу
Академиялық есу244414
Ат спорты112116
Ауыр атлетика121212121114
Бадминтон11125
Байдарка және канэо111144416
Баскетбол / 3х32114
Бейсбол / софтбол112
Бокс21114413
Велоспорт1111222121221322
Ватерполо112
Волейбол / жағажайда1214
Гандбол112
Гимнастика111111433ӨК1118
Гольф112
Дзюдо2222222115
Желкенді спорт2222210
Жеңіл атлетика134565887148
Жүзу444554451137
Карате3328
Күрес33333318
Қазіргі бессайыс112
Регби-7112
Семсерлесу22211111112
Сёрфинг22
Суға секіру111111118
Синхронды жүзу112
Скейтбординг11114
Садақ ату111115
Нысана көздеу2222212215
Теннис1135
Триатлон1113
Тхэквондо22228
Үстел теннисі111115
Футбол112
Көгалдағы хоккей112
Медальдар11182122231721212522241727233413339
Шілде/тамыз21222324252627282930310102030405060708

Қазақстанның қатысуы

Толық мақаласы: 2020 Жазғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан

Қазақстаннан Олимпиадағы спорттың 20 түрінен 94 спортшы аттанды.

Медальдар санағы

Медальдар саныЖалпы
ОрынМемлекетАлтынКүмісҚола
1 АҚШ394133113
2 Қытай38321888
3 Жапония27141758
4 Ұлыбритания22212265
5РОК20282371
6 Аустралия1772246
7 Нидерланд10121436
8 Франция10121133
9 Германия10111637
10 Италия10102040
Барлығы (93 мемлекет)3403384021080

Дереккөздер

Сілтемелер