Маршал

Маршал (фр. мarechal)

  1. ортағасырлық Франциядағы сарай атағы;
  2. бірқатар мемлекеттер әскеріндегі ең жоғарғы әскери атақ немесе шен. Алғаш рет Францияда 16 ғ-да пайда болды. Кейін М. атағы Испания, Түркия (мушир), Италия, Жапония, 20 ғ-да Ұлыбритания, Үндістан, Польша, Финляндия, Румыния, Моңғолия, Корея, Югославия, Болгария, т.б. елдерде қолданылды. КСРО-да 1935 жылдан Кеңес Одағының Маршалы, 1943 жылдан әскер түрлерінің маршалы және Бас Маршал атақтары енгізілді;
  3. Польшада кейбір азаматтық қызмет адамдарының атағы (Сейм М., Сеймнің Вице-М.).[1][2]

Дереккөздер