Маулана Абул Калам Азад

Азад, Маулана Абул Калам Азад (11.09.1888 — 22.02.1958 жылдары) — Үндістанның саяси және мемлекеттік қайраткері, ғалым. Ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, үнді-мұсылман бірлігінің табанды жақтаушысы. Делидің көне мұсылман улемасы (ғұламасы) отбасында дүниеге келген. 1912 жылы Үндістан ұлттық конгресінің мүшесі болған. 1912 — 1914 жылдары мұсылман интеллигенциясының радикалдық бағыттағы бөлігінің органы — ағылшын отаршылығына қарсы үгіт-насихат құралы болған “әл-Хиляль” (“Жарты ай”) газетін шығарды. 19191922 және 1930 жылы азаматтық қарсылық науқаны жетекшілерінің бірі болды. 1942, 1945, 1946 жылдары Англиямен келіссөз жүргізу кезінде үнді делегацияларын басқарды. 1947 жылы Үндістанның халық ағарту министрі болып қызмет атқарды. Құран түсіндірмелерін, урду әдебиетінің философиясы және тарихы жөніндегі еңбектер жазған.

Сілтемелер

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм